Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров: Ресей басқа елдермен Украина мәселесін талқылауға дайын

© Photo : МИД РФ / Медиабанкке өтуСергей Лавров
Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Ресейлік министр ЕҚЫҰ бас хатшысымен де Украина қақтығысын шешу жолдарын талқылағанын айтты
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ресей АҚШ-пен және жанжалды реттеуге көмектесуге дайын барлық тараппен байланыста Украина мәселесін талқылауға дайын, деп мәлімдеді РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Бұл туралы РИА Новости жазды.
ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридуном Синирлиоғлымен келіссөз қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында министр Ресей Федерациясы мен АҚШ өкілдері арасындағы кездесудердің күн тәртібіндегі мәселелер арасында Украинаны реттеу тақырыбы бар екенін айтты.
"Әрине, біз Украина мәселесін қақтығысты реттеуге шын ниетімен көмектескісі келетін барлық тараппен талқылаймыз және талқылауға дайынбыз", - деді Лавров.
Ресейлік министр ЕҚЫҰ бас хатшысымен де Украина қақтығысын шешу жолдарын талқылағанын айтты.
"Біз Украинадағы қақтығысты қалай шешуге болатынын талқыладық", - деді Лавров.
Ол Ресейдің бұл мәселедегі ұстанымы айқын екенін тағы еске салды.
"Президент Владимир Путин келіссөздерге дайын екенін және егер осы қақтығыстың түпкі себептерін жойып, сенімді түрде келіссөз жүргізу үшін елемеуге болмайтын қағидаттарды да айтқан", - деді министр.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатуға тынымсыз күш салып жатқанын айтты
Жаңалықтар
0