Батыс Қазақстанда биыл үш су қоймасы жөнделеді
© Photo : Акимат Актюбинской областиАрхивтегі фото

© Photo : Акимат Актюбинской области
Жазылу
Тоғыз гидротехникалық құрылысты тексеруге 102 миллион теңге бөлінген
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында биыл үш су қоймасын жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Дархан Закарин айтты, деп хабарлады "Мой город" ақпарат порталы.
Су тасқынын ерте анықтау үшін Жайық, Деркөл және Шаған өзендері арқылы өтетін автомобиль көпірлерінде мониторингке арналған жүйелер орнатылады. Жобаның құны – 79 миллион теңге.
"2025 жылы үш су қоймасында жөндеу жұмыстары жоспарланған: Шаған, 1 Қазталов, 2 Қазталов. Сондай- ақ биыл республикалық меншіктегі төрт су қоймасында көп факторлы зерттеу жүргізу жоспарланған", - деп түсіндірді Дархан Закарин.
Спикердің айтуынша, тоғыз гидротехникалық құрылысты тексеруге 102 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алудың алты объектісі бойынша жұмыс аяқталды. Мемлекеттік сатып алудың үш объектісі бойынша жалғасып жатыр:
Теректі ауданының Солянка өзеніндегі су қоймасы;
Ақжайық ауданының Өлеңті өзеніндегі Аяқ су қоймасы;
Бөкей ордасы ауданының Мұратсай арқалығындағы су қоймасы;
Бәйтерек ауданы Раздольное ауылының жанындағы Рубежка өзеніндегі су қоймасы;
Теректі ауданы Покатиловка ауылының жанындағы Барбастау өзеніндегі су қоймасы;
Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылының жанындағы кіші Емболатовка өзеніндегі су қоймасы;
Жәнібек ауданының Жасқайрат су қоймасы.
Сондай-ақ спикер 8 нысан бойынша оларды қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланып отырғанын атап өтті:
Жәнібек ауданындағы Жақсыбай су қоймасы;
Шыңғырлау ауданы Жаңақұш өзеніндегі су қоймасы;
Шыңғырлау ауданындағы Шанды өзеніндегі су қоймасы;
Шыңғырлау ауданының Жыланды өзеніндегі су қоймасы;
Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылының жанындағы кіші Емболатовка өзеніндегі су қоймасы;
Бәйтерек ауданы Раздольное ауылының жанындағы Рубежка өзеніндегі су қоймасы;
Бәйтерек ауданы Рожково ауылынан төмен Рубежка өзеніндегі су қоймасы;
Бөрлі ауданының Березовка өзеніндегі су қоймасы.