https://sputnik.kz/20250310/ukraina-bitimge-keluge-zhetkilikti-niet-bildirgen-zhoq---tramp-51486246.html
Украина бітімге келуге жеткілікті ниет білдірген жоқ - Трамп
Украина бітімге келуге жеткілікті ниет білдірген жоқ - Трамп
Sputnik Қазақстан
Бейсенбіде Ақ үй қақтығыстағы екі тараппен консультациялар жалғасып жатқанын растады 10.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-10T10:12+0500
2025-03-10T10:12+0500
2025-03-10T10:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50420463_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3932bdc67db1ade230dc360fa76e2558.jpg
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Әзірге Украина америкалық көмекті қалпына келтіру үшін бітімгершілікке келуге жеткілікті деңгейде ниет танытқан жоқ, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Бейсенбіде Ақ үй қақтығыстағы екі тараппен консультациялар жалғасып жатқанын растады, осы аптада Сауд Арабиясында жаңа бейбітшілік кездесуі жоспарланған.Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігі 4 наурыздан бастап Украинаға барлық көмекті тоқтатуға бұйрық берілгенін хабарлаған. Пентагон өкілі мұның сол елге бара жатқан қару-жарақ жөнелтіліміне де қатысты екенін түсіндірді.Fox News арнасының хабарлауынша, әскери қолдау көрсетудегі үзіліс Трамп Киевтің бейбіт келіссөздерді қалайтынына көзі жеткенше жалғасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/1e/50420463_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_37fa0a56b70a2bd24ea5f142eb0737c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украина бітімге келуге жеткілікті ниет білдірген жоқ - Трамп
Бейсенбіде Ақ үй қақтығыстағы екі тараппен консультациялар жалғасып жатқанын растады
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Әзірге Украина америкалық көмекті қалпына келтіру үшін бітімгершілікке келуге жеткілікті деңгейде ниет танытқан жоқ, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
"Менің ойымша, олар минералдар туралы келісімге қол қояды. Бірақ біз олардың бейбітшілікке келгенін қалаймыз, мен олардың бейбітшілікті қалағанын көргім келеді, солай ма? Қазір олар мұны тиісті дәрежеде көрсеткен жоқ. Бірақ олар алдағы уақытта көрсетеді деп ойлаймын. Бұл алдағы екі-үш күнде анық болады деп ойлаймын", - деді ол.
Бейсенбіде Ақ үй қақтығыстағы екі тараппен консультациялар жалғасып жатқанын растады, осы аптада Сауд Арабиясында жаңа бейбітшілік кездесуі жоспарланған.
Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігі 4 наурыздан бастап Украинаға барлық көмекті тоқтатуға бұйрық берілгенін хабарлаған. Пентагон өкілі мұның сол елге бара жатқан қару-жарақ жөнелтіліміне де қатысты екенін түсіндірді.
Fox News арнасының хабарлауынша, әскери қолдау көрсетудегі үзіліс Трамп Киевтің бейбіт келіссөздерді қалайтынына көзі жеткенше жалғасады.