Қорғаныс министрі Италияның әскери нысандарымен танысты

© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстанның қорғаныс министрі Италияның әскери нысандарымен танысып шықты
Қазақстанның қорғаныс министрі Италияның әскери нысандарымен танысып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Жазылу
Сапар аясында қазақстандық делегация Пратика-Ди-Маре теңіз авиабазасына және итальяндық әуе күштерінің әскери әуежайына барды
АСТАНА, 10 наурыз– Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бастаған қазақстандық делегация Италияның әскери нысандарымен танысып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жақсылықов сапар аясында алдымен осы елдің қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен кездесті. Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, соның ішінде әскери білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызметті талқылады. Осы орайда Жақсылықов қазақстандық офицерлердің "БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері" миссиясына қатысып жатқанын ерекше атап өтті. Олар Италия контингентінің құрамында қызмет атқарып жүр. Соның өзі екі елдің табысты ынтымақтастығына дәлел.
Келіссөздер кезінде Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университеті мен Италия Қарулы күштері Бас штабының Жоғары қорғаныс зерттеулері орталығы арасында академиялық ынтымақтастық және ғылыми зерттеулер туралы меморандумға қол қойылды.
Сапар аясында қазақстандық делегация Пратика-Ди-Маре теңіз авиабазасына және итальяндық әуе күштерінің әскери әуежайына барды. Сол жерде итальяндық "Leonardo" корпорациясының өкілдері жауынгерлік тікұшақтар мен C4I әскерлерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін көрсетті.
Ал Римнен 119 шақырым жерде орналасқан "Акуила" тау дайындығы базасында қызметшілерді оқыту бағдарламасымен танысуға мүмкіндік болды.
Әскери жойғыш ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Польша Украинаға әскер жіберуді қолдамайды - поляк министрі
Жаңалықтар
0