https://sputnik.kz/20250310/nauryz-ayyndagy-ubt-22-tulektin-natizhesi-zhoyyldy-51494326.html
Наурыз айындағы ҰБТ: 22 түлектің нәтижесі жойылды
Наурыз айындағы ҰБТ: 22 түлектің нәтижесі жойылды
Sputnik Қазақстан
Наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді 10.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-10T17:50+0500
2025-03-10T17:50+0500
2025-03-10T17:50+0500
білім
ұбт
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_59f06423991ac9cc9375a0cd6baa67d5.jpg.webp
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 21 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 57%-ға жуық талапкер жинады, деп хабарлайдыБес пәннен тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 53 балды құрады. Ең жоғары балл – 135, оны Абай облысының оқушысы жинады.Тестке қатысушылардың 62,8%-ы қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде, 52 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,4%-ы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 16,1%-ы "Шығармашылық емтихан", 12% "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 35 адам тапсырған.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 69 талапкер қатысты.Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі таңда 22 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 10 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 12 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Еске сала кетсек, наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_030fec9cb6f46c441eb58223f2d3ba6d.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
Наурыз айындағы ҰБТ: 22 түлектің нәтижесі жойылды
Наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 21 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 57%-ға жуық талапкер жинады, деп хабарлайды
Бес пәннен тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 53 балды құрады. Ең жоғары балл – 135, оны Абай облысының оқушысы жинады.
Тестке қатысушылардың 62,8%-ы қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде, 52 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,4%-ы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 16,1%-ы "Шығармашылық емтихан", 12% "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 35 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында наурыз ҰБТ-сына 69 талапкер қатысты.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Қазіргі таңда 22 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 10 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 12 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Еске сала кетсек, наурыз ҰБТ-сы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.