Маңғыстау облысында ауыл көшелерін су басып жатыр

© Photo : Скан видео ДЧС по МангистауВ мангистауском селе Сайотес чуть было не произошло наводнение
В мангистауском селе Сайотес чуть было не произошло наводнение - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда,
АЛМАТЫ, 10 наурыз - Sputnik. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылының көшелеріне су басты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, еріген қар суына байланысты шұғыл шаралар қабылданған.
"7-9 наурызы аралығында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылында қардың күрт еруі салдарынан Толыбай көшесін су басты. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды", - дейді департамент.
Оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары шұғыл жетіп, су басу қаупінің алдын алу шараларын жүзеге асырды.
Жедел әрекет ету нәтижесінде Толыбай көшесіндегі тұрғын үйлерге су кіргізілмей, қауіп сейілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда, деді төтенше жағдайлар департаменті.
Жайық өзінінің жағасын бекіту жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2024
Жайық өзенінің деңгейі көтерілді: саяжайларды су басты
Жаңалықтар
0