Елордада үш қабатты ғимарат отқа оранды

© Photo : МЧС Казахстана19 пожарных спецмашин участвовали в ликвидации пожара
19 пожарных спецмашин участвовали в ликвидации пожара - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Жазылу
Ғимараттың жалпы ауданы 1 300 шаршы метрді құрайды
АСТАНА, 10 наурыз– Sputnik. Астанада үш қабатты ғимаратта орналасқан кеңседен өрт шықты. Оқиға орнына 19 көлік пен 90 өрт сөндіруші барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше оқиға туралы хабар бүгін таңғы сағат 8:21-де түсті.
"Біз келген кезде бірінші және екінші қабатта өрт болды. Ғимараттың жалпы ауданы 1 300 шаршы метрді құрайды. Ал өрт 300 шаршы метрге шарпыды. Сағат 9:27-де өрт өрт толығымен сөндірілді", - дейді өрт сөндірушілер.
Ғимаратта шиналар қоймасы да бар. Бірақ құтқарушылардың оған өрттің таралуына жол бермеді. Өрт сөндіруге 19 көлік пен 90 құтқарушы тартылды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ғимараттың үшінші қабатында төбе мен сөрелер өртенді. Одан кейін тілсіз жау екінші қабатқа түскен.
Жаңалықтар
0