АҚШ USAID бағдарламаларының 83 пайызын ресми түрде жабады

© РИА НовостиUSAID
USAID  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Жазылу
Қалған мыңға жуық бағдарлама мемлекеттік департаменттің қарамағында тиімдірек жүзеге асырылуға тиіс
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. АҚШ үкіметі алты апта зерттеп, Халықаралық даму агенттігі (USAID) бағдарламаларының 83%-ын ресми түрде жабатын болды. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған РИА Новости жазды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, "олар елдің мүддесіне сай келмейтін мақсаттарға ондаған миллиард доллар жұмсаған".
"Алты апталық қайта қараудан кейін біз USAID бағдарламаларының 83%-ын ресми түрде жабамыз. Қазір жабылып жатқан 5,2 мың келісімшарт АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделеріне жауап бермейтін, кейде тіпті зиян келтіретін жолмен ондаған миллиард доллар жұмсаған", - деп жазды Рубио "Х" әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, қалған мыңға жуық бағдарлама мемлекеттік департаменттің қарамағында тиімдірек жүзеге асырылуға тиіс.
Бұған дейін миллиардер Илон Маск басқаратын АҚШ-тың мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті (DOGE) USAID-ті жоюға күш салғаны туралы хабарланған болатын.
Маск 2 ақпанда USAID-ті "қылмыстық ұйым" деп атады.
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина USAID агенттігінен бір миллиард доллар алады
Жаңалықтар
0