https://sputnik.kz/20250309/tuystarymen-urysyp-qalgan-elordada-boyzhetken-kopirden-sekirmek-bolgan-51478838.html
Туыстарымен ұрысып қалған: елордада бойжеткен көпірден секірмек болған
Туыстарымен ұрысып қалған: елордада бойжеткен көпірден секірмек болған
Sputnik Қазақстан
Полицейлер 16 жастағы қыз баланы сабырға шақыруға тырысты 09.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-09T18:57+0500
2025-03-09T18:57+0500
2025-03-09T18:57+0500
полиция
елорда
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51473982_0:21:1280:741_1920x0_80_0_0_2a532dcf1696c722ddcde49beac1cd7b.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Архар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түскен. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдік болып, оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған.Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.
https://sputnik.kz/20250222/zhetisu-oblysynda-politsiya-men-uqk-birneshe-adamdy-ustady-51093962.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51473982_133:0:1148:761_1920x0_80_0_0_706bb7b200a74e9c2a3ad9a1e9e82002.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, елорда
Туыстарымен ұрысып қалған: елордада бойжеткен көпірден секірмек болған
Полицейлер 16 жастағы қыз баланы сабырға шақыруға тырысты
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлады
ІІМ баспасөз қызметі.
102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Архар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түскен. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдік болып, оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.
"Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды. Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты", - деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған.
Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.