https://sputnik.kz/20250309/qyzylordalyq-aru-dubayda-tabigi-iis-su-zhasap-shygardy-51459772.html
Қызылордалық ару Дубайда табиғи иіс су жасап шығарды
Қызылордалық ару Дубайда табиғи иіс су жасап шығарды
Sputnik Қазақстан
Ресми дүкен іске қосылғалы 200 мың данасы сатылған 09.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-09T11:39+0500
2025-03-09T11:39+0500
2025-03-09T11:39+0500
қазақ қызы
дубай
https://sputnik.kz/img/07e5/01/16/16102926_0:126:2001:1251_1920x0_80_0_0_b71a3a6b3997c26f82a4bea4a9d820ac.jpg
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Қызылордалық ару Дубайда органикалық таза иіс су жасап шығарды, деп хабарлады 24.kz.Оның құрамында бірде-бір химиялық қоспа жоқ. Әтірдің жаңа түрі Таяу Шығыс елдерінде таныла бастаған. Автор әмірлікте өз дүкенін ашып үлгірді.Қазақ қызы ойлап тапқан таңдаулы парфюм араб қыз-келіншектеріне арналған. Кейінгі 5 жылдан бері Дубайда тұрып жатқан Әйгерім Ақбайдың қарамағында бірнеше адам жұмыс істейді. Әтірдің 40-тан астам түрін сатумен айналысады. Соның ішінде шашқа арналған иісмай да бар. Ерекшелігі парфюм органикалық таза, химиялық қоспасыз әзірленген. Өнімді кез келген қыз-келіншек қолдана алады.Жергілікті араб әйелдерінен бөлек іргедегі Қатар, Оман, Кувейт және Бахрейннен тапсырыс түсіп жатады.Әйгерімнің әтірге авторлық құқығы бар. Ресми дүкен іске қосылғалы 200 мың данасы сатылыпты. Өнім әмірліктегі зауыттың бірінде шығарылады.Отандасымыздың қолынан шыққан туынды көп ұзамай Таяу Шығыс нарығынан да асуы мүмкін. Себебі іскер әйел мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Тұтас әлемге сән ғана емес, емдік мақсатта қолданылатын өнімдерін көптеп ұсынуға ниетті.
дубай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/16/16102926_81:0:1918:1378_1920x0_80_0_0_27600573098cb4010b9ba5697d1bacb8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ қызы, дубай
Қызылордалық ару Дубайда табиғи иіс су жасап шығарды
Ресми дүкен іске қосылғалы 200 мың данасы сатылған
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Қызылордалық ару Дубайда органикалық таза иіс су жасап шығарды, деп хабарлады
24.kz. Оның құрамында бірде-бір химиялық қоспа жоқ. Әтірдің жаңа түрі Таяу Шығыс елдерінде таныла бастаған. Автор әмірлікте өз дүкенін ашып үлгірді.
Қазақ қызы ойлап тапқан таңдаулы парфюм араб қыз-келіншектеріне арналған. Кейінгі 5 жылдан бері Дубайда тұрып жатқан Әйгерім Ақбайдың қарамағында бірнеше адам жұмыс істейді. Әтірдің 40-тан астам түрін сатумен айналысады. Соның ішінде шашқа арналған иісмай да бар. Ерекшелігі парфюм органикалық таза, химиялық қоспасыз әзірленген. Өнімді кез келген қыз-келіншек қолдана алады.
Жергілікті араб әйелдерінен бөлек іргедегі Қатар, Оман, Кувейт және Бахрейннен тапсырыс түсіп жатады.
"Шынымен шашқа пайдалы және кастор майын қосып, қауіпсіз, хош иіс шығатындай, пайдалы болатындай жасадық. Тұтынушыларымыз жақсы көреді", - дейді парфюмер.
Әйгерімнің әтірге авторлық құқығы бар. Ресми дүкен іске қосылғалы 200 мың данасы сатылыпты. Өнім әмірліктегі зауыттың бірінде шығарылады.
Отандасымыздың қолынан шыққан туынды көп ұзамай Таяу Шығыс нарығынан да асуы мүмкін. Себебі іскер әйел мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Тұтас әлемге сән ғана емес, емдік мақсатта қолданылатын өнімдерін көптеп ұсынуға ниетті.