Қар құрсауында қалған 21 адам құтқарылды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Костанайской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Жазылу
Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ
АСТАНА, 9 наурыз– Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында өткен түнде қар құрсауында қалған 21 адамды құтқарды.
Ведомствоның мәліметінше Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында Құрылыс ауылы маңында 4 адам мінген жеңіл көлік тұрып қалған. Құтқарушылар көлікті жол талғамайтын Трэкол көлігімен жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Сондай-ақ Абай ауданындағы Ақбастау ауылынан 5 шақырым жерде қар құрсауында қалған 3 жеңіл көліктің 5 жолаушысы құтқарылды.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында "Ырғыз-Нұра" автожолының 80 шақырымында Газель көлігі қарда тұрып қалды. ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен көлікті тазартылған жолға тартып шығарды. Жолаушы сапарын әрі қарай жалғастырды.
Ұлытау облысында Жаңаарқа ауылынан 40 шақырым жерде "Қарағанды-Самарка-Атасу-Айнабұлақ" автожолының жабық учаскесінде 11 адам құтқарылды, олар мінген 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.
Снежный занос - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
Түркістан облысында құтқарушылар жолда қалған 120 адамды эвакуациялады
Жаңалықтар
0