https://sputnik.kz/20250309/abiba-abuzhaqynova-dzyudodan-alemdik-gran-pride-altyn-aldy-51465388.html
Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік Гран-приде алтын алды
Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік Гран-приде алтын алды
Sputnik Қазақстан
Турнир финалында Әбужақынова жапонниялық Сачие Ешиноны 10-1 есебімен жеңді 09.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-09T15:53+0500
2025-03-09T15:53+0500
2025-03-09T15:53+0500
дзюдо
жүлде
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51464139_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_a7bfe88403627dcce7b805936efa79ac.jpg
АСТАНА, 9 наурыз - Sputnik. Ұлттық ұлан спорт командасының мүшесі ефрейтор Әбиба Әбужақынова Линцте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-приде Қазақстанға алтын медаль алып келді, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.Еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.Турнир финалында Әбужақынова жапонниялық Сачие Ешиноны 10-1 есебімен жеңіп, ең жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Шешуші жекпе-жекке дейін қазақстандық спортшы Мизуки Харада (Жапония), Жаклин Шпрингер (Австрия) және Эмбер Герсджес (Нидерланды) секілді қарсыластарын сенімді жеңді.Беделді турнирге 52 елден 416 дзюдошы қатысуда, ал Қазақстан атынан 14 спортшы бар. Әбужақынованың жеңісі әлемдік аренада қазақстандық дзюдоның жоғары деңгейін дәлелдеді.Әбиба Әбужақынова 3-дан (IJF) иегері және жетістіктерінің рекорды айтарлықтай: 2022 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. Қазіргі уақытта ол спорт командасын даярлау орталығының аға маманы, дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушысы.
https://sputnik.kz/20250210/qazaqstan-krlingshileri-taybey-quramasyn-oysyrata-zhendi-50719433.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/09/51464139_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1fd000220a51901b6b97a98883281463.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дзюдо, жүлде
Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік Гран-приде алтын алды
Турнир финалында Әбужақынова жапонниялық Сачие Ешиноны 10-1 есебімен жеңді
АСТАНА, 9 наурыз - Sputnik. Ұлттық ұлан спорт командасының мүшесі ефрейтор Әбиба Әбужақынова Линцте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-приде Қазақстанға алтын медаль алып келді, деп хабарлайды
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.
Турнир финалында Әбужақынова жапонниялық Сачие Ешиноны 10-1 есебімен жеңіп, ең жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Шешуші жекпе-жекке дейін қазақстандық спортшы Мизуки Харада (Жапония), Жаклин Шпрингер (Австрия) және Эмбер Герсджес (Нидерланды) секілді қарсыластарын сенімді жеңді.
Беделді турнирге 52 елден 416 дзюдошы қатысуда, ал Қазақстан атынан 14 спортшы бар. Әбужақынованың жеңісі әлемдік аренада қазақстандық дзюдоның жоғары деңгейін дәлелдеді.
Әбиба Әбужақынова 3-дан (IJF) иегері және жетістіктерінің рекорды айтарлықтай: 2022 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. Қазіргі уақытта ол спорт командасын даярлау орталығының аға маманы, дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушысы.