Әуежайдағы оқиға: Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің бейбітшілік елшісі болды

© Айдана ДайыроваАлматы әуежайында кепілге алынған қызметкерді құтқарған Мұса Әбдірайым
Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкерді құтқарған Мұса Әбдірайым  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
Жазылу
Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
АЛМАТЫ, 8 наурыз - Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған Мұса Әбдірайым Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бейбітшілік елшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы WBC ұйымының президенті Хосе Сулейман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Хосе Сулейман қазақстандық Әлихан Жарылғапов арқылы ерлігімен көзге түскен Мұса Әбдірайыммен телефон арқылы сөйлесті.
Ұйым президенті Мұса Әбдірайымның іс-әрекетіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, оны ресми түрде ұйымның бейбітшілік елшісі деп жариялады.
"Мен онымен қатар тұрғанымды мақтан тұтамын. Спорт үшін ғана емес, адамзат үшін нағыз батыр", - деді ұйым басшысы.
Айта кетері, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Кейіннен Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Тоқаев әуежайда кепілге алынған әйелді құтқарған алматылықты марапаттады
Жаңалықтар
0