Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

© Алматы қаласы әкімдігіАлматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған адамды марапаттады
Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған адамды марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
Жазылу
Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
© акимат Алматы медаль "Ерлігі үшін"
 медаль Ерлігі үшін  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2025
медаль "Ерлігі үшін"
Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Әбдірайымды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.
Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.
52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.
"Қазақстан президентіне орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын!", - Мұса Әбдірайым.
Айта кетері, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Кейіннен Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.
Жаңалықтар
0