АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектер мол еңбек сіңіргенін айтты."Халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес. Олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылған. Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында. Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты", - деп атап өтті мемлекет басшысы.Оның айтуынша Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде.Президент мемлекеттің әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән беретінін атап өтті."Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Менің тапсырмаммен отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды шаралар қабылданды. Барлық аймақта қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін орталықтар ашылып жатыр. Көп балалы аналарды қолдаудың ұлттық моделі қалыптасты. Соның арқасында жыл өткен сайын көп балалы отбасылардың саны артып келеді", - деді ол.Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің лауазымды қызметтерді жауапкершілікпен атқарып жүргенін жеткізді."Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі – әйелдер. Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың 70 пайыздан астамы да – әйелдер қауымы. Сондай-ақ олар төтенше жағдайлар, қорғаныс және құқық қорғау органдарында табысты жұмыс істеп жүр", - деп атап өтті мемлекет басшысы."Сіздердің араларыңызда да табысты басшылар аз емес. Қыз-келіншектер бизнесте де жетістікке жетіп жүр", - деп түйіндеді Тоқаев.
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аруларды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектер мол еңбек сіңіргенін айтты.
"Халқымызда ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар аз емес. Олардың есімі ел шежіресіне алтын әріппен жазылған. Тұмар мен Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында. Сіздерді ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қазақ әйелінің ізбасары деуге болады. Әйелдер қауымы күрделі кезеңдерде аянбай еңбек етті, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне белсене атсалысты", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Оның айтуынша Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде.
"Бүгін Ақордаға шақырылған әйелдер арасында Отанымызға әр салада еңбек сіңірген білікті мамандар бар. Мен баршаңызға зор алғыс айтамын!", - деп толықтырды Тоқаев.
Президент мемлекеттің әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән беретінін атап өтті.
"Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Менің тапсырмаммен отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды шаралар қабылданды. Барлық аймақта қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін орталықтар ашылып жатыр. Көп балалы аналарды қолдаудың ұлттық моделі қалыптасты. Соның арқасында жыл өткен сайын көп балалы отбасылардың саны артып келеді", - деді ол.
"Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі – әйелдер. Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың 70 пайыздан астамы да – әйелдер қауымы. Сондай-ақ олар төтенше жағдайлар, қорғаныс және құқық қорғау органдарында табысты жұмыс істеп жүр", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
"Сіздердің араларыңызда да табысты басшылар аз емес. Қыз-келіншектер бизнесте де жетістікке жетіп жүр", - деп түйіндеді Тоқаев.