https://sputnik.kz/20250307/zhumyssyz-uyi-de-zhoq-almaty-auezhayynda-qyzdy-qutqargan-zhigit-eshkimnen-syy-kutpeydi-51445368.html
"Жұмыссыз, үйі де жоқ": Алматы әуежайында қызды құтқарған жігіт ешкімнен сый күтпейді
"Жұмыссыз, үйі де жоқ": Алматы әуежайында қызды құтқарған жігіт ешкімнен сый күтпейді
Sputnik Қазақстан
Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған 52 жастағы Мұса Әбдірайым "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты 07.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-07T19:30+0500
2025-03-07T19:30+0500
2025-03-08T11:56+0500
алматы
кепіл
https://sputnik.kz/img/07e9/03/07/51445185_0:0:917:515_1920x0_80_0_0_3112b4455d2afe7a650c8d2fbcc8709b.jpg
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкерді құтқарған Мұса Әбдірайым Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтты.Айтуынша, ол әртіс туыстарын гастрольдік сапарға шығарып салу үшін әуежайға барған.Мұсаның жасы 52-де, жас кезінде спортпен шұғылданыпты, содан бері өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәсілдерін білетінім бар еді дейді."Ол мені ұстап тұрғанда менің екі көзім пышақта тұрды. Оңтайлы сәтті пайдаланып, қаруын тартып алайын деп ойлап, ол сәл босаңсығанда пышақты тартып алдым", - дейді Әбдірайым.Елуден асқан ел ағасы өзінің орнында кім болса да дәл солай көмектесер еді, бұл ерлік емес дейді."Президенттен марапат алдың деп жатыр, білмеймін. Онысына рахмет! Бірақ өзім адамға жақсылық жасағаныма марқайдым", - дейді ол.Мұса Әбдірайым қарапайым ғана азамат, қазір жұмыссыз, басында баспанасы да жоқ, пәтер жалдап тұрады. Бес баланың әкесі, жұбайы да үй тірлігіндегі адам."Қызды құтқару – ол менің ер азамат ретінде парызым. Ол үшін ешкімнен сый-құрмет сұрамаймын. Пәтерім жоқ, бірақ пәтер берсін деу еш ойымда жоқ. Жанымыз аман болса баспана табылады. Жұмыс та табылады, күн көріп жүрміз. Тәуба", - дейді әуежайда қызды құтқарған Мұса Әбдірайым.Айта кетері, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.Кейіннен Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.
https://sputnik.kz/20250307/toqaev-auezhayda-kepilge-alyngan-ayeldi-qutqargan-almaty-turgynyn-marapattady-51441176.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/07/51445185_53:0:856:602_1920x0_80_0_0_0654f7fe223fbaf86c861201162d79fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, кепіл
"Жұмыссыз, үйі де жоқ": Алматы әуежайында қызды құтқарған жігіт ешкімнен сый күтпейді
19:30 07.03.2025 (жаңартылды: 11:56 08.03.2025) Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған 52 жастағы Мұса Әбдірайым "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты
АЛМАТЫ, 7 наурыз - Sputnik. Алматы әуежайында кепілге алынған қызметкерді құтқарған Мұса Әбдірайым
Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтты.
Айтуынша, ол әртіс туыстарын гастрольдік сапарға шығарып салу үшін әуежайға барған.
"Ел шулап жүгіріп кетті, біз де бардық. Қызды шырылдатып кепілге алыпты. Мен өзім кепіл болып, қызды құтқаруым керек сияқты сезіндім. Айғайлап, өлтіремін, пышақтаймын деп жатыр, қыздың шашынан ұстап алған. Қыздың орнына кепілге мені алыңыз дедім, ана адам кепілге мені алып қызды босатуға тез келісе кетті", - дейді Мұса Әбдірайым.
Мұсаның жасы 52-де, жас кезінде спортпен шұғылданыпты, содан бері өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәсілдерін білетінім бар еді дейді.
"Ол мені ұстап тұрғанда менің екі көзім пышақта тұрды. Оңтайлы сәтті пайдаланып, қаруын тартып алайын деп ойлап, ол сәл босаңсығанда пышақты тартып алдым", - дейді Әбдірайым.
Елуден асқан ел ағасы өзінің орнында кім болса да дәл солай көмектесер еді, бұл ерлік емес дейді.
"Президенттен марапат алдың деп жатыр, білмеймін. Онысына рахмет! Бірақ өзім адамға жақсылық жасағаныма марқайдым", - дейді ол.
Мұса Әбдірайым қарапайым ғана азамат, қазір жұмыссыз, басында баспанасы да жоқ, пәтер жалдап тұрады. Бес баланың әкесі, жұбайы да үй тірлігіндегі адам.
"Қызды құтқару – ол менің ер азамат ретінде парызым. Ол үшін ешкімнен сый-құрмет сұрамаймын. Пәтерім жоқ, бірақ пәтер берсін деу еш ойымда жоқ. Жанымыз аман болса баспана табылады. Жұмыс та табылады, күн көріп жүрміз. Тәуба", - дейді әуежайда қызды құтқарған Мұса Әбдірайым.
Айта кетері, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Кейіннен Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.