https://sputnik.kz/20250307/schuche-burabay-kurorttyq-aymagyn-damytudyn-2029-zhylga-deyingi-zhospary-bekitildi-51412280.html
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 137 млрд теңге жұмсалады
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 137 млрд теңге жұмсалады
Sputnik Қазақстан
2029 жылға дейінгі жоспарға сәйкес туристер санын 35 мыңнан 94 мың адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр 07.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-07T08:58+0500
2025-03-07T08:58+0500
2025-03-07T09:07+0500
бурабай
туристер
https://sputnik.kz/img/old/831/42/8314234_0:224:3064:1948_1920x0_80_0_0_ec842be6551a266705f70565b759cb29.jpg
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Құжат 137,2 млрд теңгені құрайтын 118 шараны қамтиды және туристік инфрақұрылымды, көлік логистикасын, цифрлық шешімдерді, қауіпсіздік жүйелепін дамытуға, сондай-ақ инвестиция тартуға бағытталған.Жоспарға сәйкес, демалыс орнын жаңғырту негізгі бағыттарды, соның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар салуды, экологиялық және спорттық туризмді дамытуды, жаңа рекреациялық аймақтар құрылысын қамтиды. Атап айтқанда, Қатаркөл көлінің жанында балалар орталықтарын, спорттық-сауықтыру кешендерін және жыл бойы аквапарк ұйымдастыру қарастырылып отыр. Жүкей көлінің маңында кемпингтер, глемпингтер және жаңа туристік бағыттар ашылады, ал Кіші Шабақты көлінде жалға беру стансалары, қайық тұрағы, жағалау инфрақұрылымы мен жағажайлар болады.Курорттық аймаққа қол жеткізудің ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымы, оның ішінде визит-орталықтары бар көпдеңгейлі тұрақтар және тамақтану пункттері салынады.Жоспарды іске асыру келуші туристер санының 35 мыңнан 94 мың адамға дейін ұлғаюына, туризм саласындағы жұмыспен қамту көрсеткішінің 22 мыңнан 32,5 мың адамға дейін өсуіне және 22,7 млрд теңге мөлшерінде жеке инвестициялар тартуға әкеледі деп күтілуде. Өңір экономикасындағы туризм үлесі 1,4%-дан 3,5%-ға дейін ұлғаюы тиіс.Курорттық аймақты дамыту Қазақстанның өңірдің туристік картасындағы ұстанымын нығайтады, сондай-ақ ішкі туризмнің тартымдылығын арттырады.
бурабай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/831/42/8314234_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_4dfd7fc25ba6aa0087059963eca26448.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бурабай, туристер
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 137 млрд теңге жұмсалады
08:58 07.03.2025 (жаңартылды: 09:07 07.03.2025) 2029 жылға дейінгі жоспарға сәйкес туристер санын 35 мыңнан 94 мың адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Құжат 137,2 млрд теңгені құрайтын 118 шараны қамтиды және туристік инфрақұрылымды, көлік логистикасын, цифрлық шешімдерді, қауіпсіздік жүйелепін дамытуға, сондай-ақ инвестиция тартуға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, демалыс орнын жаңғырту негізгі бағыттарды, соның ішінде жыл бойы жұмыс істейтін туристік нысандар салуды, экологиялық және спорттық туризмді дамытуды, жаңа рекреациялық аймақтар құрылысын қамтиды. Атап айтқанда, Қатаркөл көлінің жанында балалар орталықтарын, спорттық-сауықтыру кешендерін және жыл бойы аквапарк ұйымдастыру қарастырылып отыр. Жүкей көлінің маңында кемпингтер, глемпингтер және жаңа туристік бағыттар ашылады, ал Кіші Шабақты көлінде жалға беру стансалары, қайық тұрағы, жағалау инфрақұрылымы мен жағажайлар болады.
"Қысқы демалыс түрлерін дамыту кеңінен жоспарланған, олардың арасында шаңғымен сырғанау ерекше сұранысқа ие. Спорттық жабдықтарды жалға беретін, тамақтану орны мен кәдесый дүкендері бар шаңғы базасын ұйымдастыру көзделуде", - деп жазылған хабарламада.
Курорттық аймаққа қол жеткізудің ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымы, оның ішінде визит-орталықтары бар көпдеңгейлі тұрақтар және тамақтану пункттері салынады.
Жоспарды іске асыру келуші туристер санының 35 мыңнан 94 мың адамға дейін ұлғаюына, туризм саласындағы жұмыспен қамту көрсеткішінің 22 мыңнан 32,5 мың адамға дейін өсуіне және 22,7 млрд теңге мөлшерінде жеке инвестициялар тартуға әкеледі деп күтілуде. Өңір экономикасындағы туризм үлесі 1,4%-дан 3,5%-ға дейін ұлғаюы тиіс.
Курорттық аймақты дамыту Қазақстанның өңірдің туристік картасындағы ұстанымын нығайтады, сондай-ақ ішкі туризмнің тартымдылығын арттырады.