Qarmet кейінгі жеті жылда болмаған көлемде болат өндірді

© Photo : Пресс-служба АО QarmetАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Жазылу
2023 жылмен салыстырғанда болат өндірісі 30%-ға, өнім жөнелту көлемі 23%-ға артқан
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Qarmet осы қыста кейінгі жеті жылда болмаған көлемде көп болат өндірді, деп хабарлады компанияның баспаөз қызметі.
"Металлургтер 2024-2025 жылғы қысқы кезеңнің қорытындысын шығарды. 2023 жылмен салыстырғанда болат өндірісі 30%-ға, өнім жөнелту көлемі 23%-ға артқан. Бұл көрсеткіштер 2018 жылдан бергі ең жоғары нәтиже", - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпорын жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттыруға техникалық және өндірістік жетілдірулердің арқасында қол жетті.
Мысалы, IT департаменті жабдықты жоспарлы тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы мобильді қосымша әзірледі. Бұл құрал инспекция кезінде жауапты қызметтердің онлайн режимде ақаулар мен жабдықтың аномалиялары туралы жедел деректер алуына мүмкіндік береді, нәтижесінде ақауларды уақытында жоюға септігін тигізеді.
Кезекті жиналыстың қорытындысы бойынша Qarmet компаниясының Бас директоры Вадим Басин өндірісті одан әрі дамыту үшін негізгі міндеттерді айқындап, құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, компанияның жаңа жобаларына, соның ішінде табиғи газға қосылу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Жаңалықтар
0