Ұшақ апаты: ICAO Қазақстан әзірлеген есеп сапасын жоғары бағалады

© Пресс-служба правительства КазахстанаҰшақ апаты: ICAO Қазақстан әзірлеген есеп сапасын жоғары бағалады
Ұшақ апаты: ICAO Қазақстан әзірлеген есеп сапасын жоғары бағалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
Ақтаудағы әуе апатын тергеу бойынша қорытынды есеп 2025 жылдың соңына дейін жарияланады
АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті.
Қанат Бозымбаев ИКАО-ға Қазақстанмен ынтымақтастық мәселелері бойынша тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ тәуелсіз сарапшы Тормодур Тормодссонды Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған жерге уақтылы жібергені үшін алғысын айтты.
"Бізге көрсеткен тұрақты қолдауыңызға, соның ішінде бастамаларымызды қолдағаныңыз үшін Үкімет атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. Осы тергеуді толық аяқтау мақсатында біз ИКАО-мен өзара іс-қимылды жалғастырамыз", — деді Қанат Бозымбаев.
Вице-премьер ұшақ апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін айтты.
Өз кезегінде Николя Ралло Қазақстанның қысқа мерзім ішінде дайындаған және жариялаған "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясының ұшағының апаты туралы алдын ала есебін жоғары бағалады.
Апаттан кейін 1,5 айға жетпес уақыт ішінде алдын ала қорытындыны аяқтауға қол жеткізген Қазақстан мен тергеу комиссиясының жұмысын атап өткім келеді. Мен сізді тергеу барысында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны толық орындауды жалғастыруға шақырамын", — деді Николя Ралло.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу бойынша қорытынды есеп Чикаго конвенциясына сәйкес осы жылдың соңына дейін жарияланады.
Крушение азербайджанского самолета в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала есебі жарияланды
Жаңалықтар
0