Тағы 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады

© Public DomainАуызсу
Ауызсу - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
2025 жылдың соңына дейін топтық су құбырын салу бойынша 12 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр
АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Биыл жыл соңына дейін 423 мың тұрғынды сапалы ауызсумен қамту жоспарланып отыр. Бұл жөнінде су ресурстары және ирригация министрлігінің алқа отырысында айтылды.
Министрлік 2025 жылдың соңына дейін топтық су құбырын салу бойынша 12 жобаны аяқтауға ниетті. Бұл өз кезегінде 423 мың тұрғыны бар 153 ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысындағы "Көкжиде" жерасты суы орнынан Атырау және Маңғыстау облыстарының елді мекендеріне дейін топтық су құбырын салу мүмкіндігі пысықталып жатыр, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ министр су шаруашылығын басқаруды цифрландыру және тіршілік көзін пайдалану тиімділігін арттыру үшін су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатқанын айтты.
Сырдария, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2025
Орталық Азиядан Қызылорда облысына секундына 500 текше метр су келіп жатыр
Жаңалықтар
0