https://sputnik.kz/20250306/shymkentte-sogys-ardagerlerine-5-mln-tengeden-beriledi-51379804.html
Шымкентте соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі
Шымкентте соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі
Sputnik Қазақстан
Жеңіс күніне орай тыл ардагерлеріне де бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі 06.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-06T08:25+0500
2025-03-06T08:25+0500
2025-03-06T09:00+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/1010/61/10106171_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_f02dbe4b8a3a3bbc601d6d123bdb661c.jpg.webp
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден әлеуметтік көмек беріледі.Жергілікті мәслихаттың шешімімен әлеуметтік қолдау шаралары қайта қаралып, қаржылай көмектің көлемі ұлғайтылды. Қазіргі уақытта қалада екі соғыс ардагері бар, деп хабарлады 24.kz.Жүз жастан асқан Нина Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлына былтыр пәтер кілті табысталған болатын. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды. Жеңіс күніне орай 1560 тыл ардагеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп, қаражат олардың жеке есепшоттарына автоматты түрде аударылады.Ауған соғысына қатысушыларға да материалдық қолдау қарастырылған. Оларға берілетін жәрдемақы көлемі 45 айлық есептік көрсеткіштен 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Әлеуметтік көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы азаматтарға көрсетіледі."Мәслихаттың шешіміне сәйкес біршама өзгеріс болды. Ауған соғысының ардагерлеріне жыл сайын берілетін әлеуметтік көмек 45 АЕК-тен 50 АЕК-ке және 80 жылдыққа орай соғыс ардагерлеріне 542 АЕК-тен 1272 АЕК-ке көтерілді", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының бас маманы Ұлдана Бекбау.
https://sputnik.kz/20250302/petropavlda-sogys-ardageri-103-zhasqa-toldy-51279767.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1010/61/10106171_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_3a8271da74d8f8f5da60d42dc48f4e55.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
соғыс ардагері
Шымкентте соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі
08:25 06.03.2025 (жаңартылды: 09:00 06.03.2025) Жеңіс күніне орай тыл ардагерлеріне де бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден әлеуметтік көмек беріледі.
Жергілікті мәслихаттың шешімімен әлеуметтік қолдау шаралары қайта қаралып, қаржылай көмектің көлемі ұлғайтылды. Қазіргі уақытта қалада екі соғыс ардагері бар, деп хабарлады
24.kz.Жүз жастан асқан Нина Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлына былтыр пәтер кілті табысталған болатын. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды. Жеңіс күніне орай 1560 тыл ардагеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіліп, қаражат олардың жеке есепшоттарына автоматты түрде аударылады.
Ауған соғысына қатысушыларға да материалдық қолдау қарастырылған. Оларға берілетін жәрдемақы көлемі 45 айлық есептік көрсеткіштен 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Әлеуметтік көмек соғыс ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттағы азаматтарға көрсетіледі.
"Мәслихаттың шешіміне сәйкес біршама өзгеріс болды. Ауған соғысының ардагерлеріне жыл сайын берілетін әлеуметтік көмек 45 АЕК-тен 50 АЕК-ке және 80 жылдыққа орай соғыс ардагерлеріне 542 АЕК-тен 1272 АЕК-ке көтерілді", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының бас маманы Ұлдана Бекбау.