Еуразиялық экономикалық форумға дайындық басталды

© Пресс-служба Евразийской экономической комиссииЕуразиялық экономикалық форумға дайындық басталды
Еуразиялық экономикалық форумға дайындық басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
IV Еуразиялық экономикалық форум 2025 жылдың мамыр айында Минскіде өтеді
АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық форумның Бағдарламалар комитетінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары өкілдерінің форум тұжырымдамасы мен құрылымы, панельдік сессиялардың тақырыптары мен мазмұны, ЕЭФ архитектурасының негізгі жеті блогының дөңгелек үстелдері бойынша ұсыныстары талқыланды. Кейін осы ұсыныстар негізінде іскерлік бағдарлама қалыптасады.
IV Еуразиялық экономикалық форум 2025 жылдың мамыр айында Минскіде өтеді.
Форумның негізгі тақырыбы – "Еуразиялық интеграция стратегиясы: нәтижелер мен перспективалар".
Іс-шара Беларусь Республикасының 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы төрағалығы аясында өтеді және ЕАЭО мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылады.
ЕЭФ-2025 ұйымға мүше мемлекеттердің және үшінші елдердің ірі, орта және шағын бизнес басшыларының, ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары басшылары мен өкілдерінің, сондай-ақ үшінші елдердің үкімет басшылары мен мүшелерінің, Одақ аясындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуына бағытталған.
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
ЕАЭО елдерінде іскерлік белсенділік артты
Жаңалықтар
0