Дәрігерлер әйелді жамбасқа дейінгі аяқ ампутациясынан құтқарып қалды

© Photo : University Medical Center баспасөз қызметіДәрігерлер
Дәрігерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
Операцияға дейін науқас адам төзгісіз ауырсынудан қиналған және күніне үш ретке дейін есірткі анальгетиктерін қабылдаған
АСТАНА, 6 ақпан - Sputnik. 73 жастағы науқас бес жылдан астам уақыт бойы аяқ тамырларының атеросклерозынан зардап шеккен, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Науқаста оң жақ төменгі аяқтың гангренасы болуы жағдайды қиындатқан. Сол себепті, бірқатар клиникада науқасты хирургиялық емдеуден бас тартып, оған тек жалғыз жол — аяқты ампутациялау ұсынылған. Содан кейін әйел адам Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға барды.
"Тамырлы хирургия бөлімінде дәрігерлер қатар жүретін ауруларды ескере отырып, сирек кездесетін "аксиларлы-феморальды аллопротездеу" операциясын жасау туралы шешім қабылдады.

"Бүгінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ауырсыну синдромы тоқтатылды, ал операцияға дейін ол адам төзгісіз ауырсынудан қиналған және күніне үш ретке дейін есірткі анальгетиктерін қабылдаған", - деді тамыр хирургі Талғат Жүнісов.

Операция нәтижесінде протез жұмыс істейді, аяқ-қолды қанмен қамтамасыз ету қалпына келтірілді, бұл ампутация жасамауға себеп болды.
"Барлық жерде бірдей диагноз қойылды — гангрена, емделмейтін жағдай және жалғыз жол ұсынылды: тізеден жоғары, жамбасқа дейін аяқтың ампутациясы. Осы орталыққа келгенімде маған операция қиын, сирек болатынын ескертті, бірақ мүмкіндік бар деп айтты. Мен келістім және бұл шешіміме өкінбеймін!", — деген науқас дәрігерлерге ризашылығын білдірді.
Операция. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2025
Қызылордада алғаш рет бауыр трансплантаттау бойынша операция жасалды
Жаңалықтар
0