Алматы жастары бағдарламасы: өтініш қабылдау уақыты белгілі болды

© PhotoАлматы жастары: тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау уақыты белгілі болды
Алматы жастары: тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау уақыты белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
Жазылу
Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады
АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша өтініш 2025 жылдың 14-26 наурыз аралығында қабылданады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне 35 жасқа дейінгі алматылық жастар өтініш бере алады.
Бағдарлама аясындағы несиелендіру шарттары:
Ең жоғарғы несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна – 10%;
Бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
Бағдарлама бойынша қамту – кемінде 2550 адам, оның ішінде 1050 "Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының жалға алушылары.
Бағдарламаға қатысу үшін негізгі талаптар:
1.
Өтініш беруші мен оның жұбайының Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуға тиіс.
2.
Өтініш берушінің жасы өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауға тиіс. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады.
3.
Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату фактілері болмауы керек.
4.
Өтініш беруші соңғы 6 айда Алматы қаласында ресми түрде жұмыс істеген болуы керек және міндетті зейнетақы жарналары төленуі қажет. Қатысушы таңдаған келесі салалардың бірінде еңбек өтілі болуы керек: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер.
"Жұмыс істейтін жастар" бағдарламасының (2019-2024 жж.) жалға алушылары үшін жас шектеулері, тұрғылықты тіркеу талабы және ресми еңбек өтіліне қойылатын талаптар қолданылмайды.
Бағдарламаға қатысуға өтінішті www.almaty-zhastary2025.kz ресми сайты арқылы беруге болады, авторизация электронды цифрлық қолтаңба арқылы жасалады.
Жаңа баспана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
"Бірінші келген адам алады": жұмысшы мамандықтарға арналған ипотека
Жаңалықтар
0