Жыл басынан бері 58 мыңнан астам адам инватакси қызметін қолданған

© Photo"Инватакси" көліктері
Инватакси көліктері - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
Былтыр мүгедектігі бар адамдарға 207,2 мың рет инватакси қызметі көрсетілген
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 58,2 мың рет көрсетілді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл қызмет такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілген.
Қызметті қолданушылар үшін шарттарды жеңілдету мақсатында осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Жоба аясында сапарлар ақысынан пайыз болмайды. Әәдетте бұл пайыз сомасы агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. "Яндекс" компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
"Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Трудовая книжка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2024
Еңбек министрлігі шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктердің қызметін реттемек
Жаңалықтар
0