https://sputnik.kz/20250305/su-dengeyi-unemi-baqylauda-bolsyn-oblys-akimi-shulbi-ges-ke-bardy-51353117.html
Су деңгейі үнемі бақылауда болсын: облыс әкімі Шүлбі ГЭС-ке барды
Су деңгейі үнемі бақылауда болсын: облыс әкімі Шүлбі ГЭС-ке барды
Sputnik Қазақстан
Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына жұмыс сапарымен барды 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T08:26+0500
2025-03-05T08:26+0500
2025-03-05T08:48+0500
су тасқыны
облыс
https://sputnik.kz/img/07e9/03/05/51352840_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_f1060a8d0ea0f50a99d07c3ae43cbe8a.jpg
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Аймақ басшысы бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Су тасқыны кезеңіне дайындық барысын бақылап, жылу қазандығының жұмысымен танысты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Шүлбі су электр станциясынан бастады.Су қоймасы екі миллиард текше метрден астам су жинай алады. СЭС басшылығының мәліметінше, Ертіс өзеніне күніне шамамен 650 текше метр су жіберіледі. Көктемгі су тасқыны кезінде бұл көрсеткіш 3 мың текше метрден асады. Мамандар облыс әкіміне қазіргі таңда нысан қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, жіберілетін су деңгейін үнемі қадағалап отырғанын айтты. Нысанда жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізілгенін, тасқын кезеңіне дайын екендерін жеткізді. Облыста көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірде 95 гидротехникалық нысан бар. Арнайы топ елдімекендерді аралап, су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын бақылауда.
https://sputnik.kz/20250302/abay-oblysynda-45-eldi-mekendi-su-basu-qaupi-bar--51286167.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/05/51352840_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_48f453dda2e20f0c1fd843549b289fbc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, облыс
Су деңгейі үнемі бақылауда болсын: облыс әкімі Шүлбі ГЭС-ке барды
08:26 05.03.2025 (жаңартылды: 08:48 05.03.2025) Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына жұмыс сапарымен барды
АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Аймақ басшысы бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Су тасқыны кезеңіне дайындық барысын бақылап, жылу қазандығының жұмысымен танысты, деп хабарлады
облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Шүлбі су электр станциясынан бастады.
Су қоймасы екі миллиард текше метрден астам су жинай алады. СЭС басшылығының мәліметінше, Ертіс өзеніне күніне шамамен 650 текше метр су жіберіледі. Көктемгі су тасқыны кезінде бұл көрсеткіш 3 мың текше метрден асады.
Мамандар облыс әкіміне қазіргі таңда нысан қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, жіберілетін су деңгейін үнемі қадағалап отырғанын айтты. Нысанда жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізілгенін, тасқын кезеңіне дайын екендерін жеткізді.
"Су тасқыны кезеңі жақындап келеді. Сондықтан жұмысты жалғастырып, су деңгейін үнемі бақылауда ұстап отырыңыздар. Су жіберу көлемі ұлғайған жағдайда облыс әкімдігімен, Төтенше жағдай департаментімен бірлесе әрекет етуіміз керек", - деді аймақ басшысы.
Облыста көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өңірде 95 гидротехникалық нысан бар. Арнайы топ елдімекендерді аралап, су қоймалары мен бөгеттердің жағдайын бақылауда.