https://sputnik.kz/20250305/oqushynyn-azilinen-keyin-ata-anasy-qylmystyq-zhazaga-tartyldy-51373204.html
Оқушының әзілінен кейін ата-анасы қылмыстық жазаға тартылды
Оқушының әзілінен кейін ата-анасы қылмыстық жазаға тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілінен кейін ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz... 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T22:12+0500
2025-03-05T22:12+0500
2025-03-05T22:12+0500
бомба
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілінен кейін ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.4 наурызда мектеп оқушысы "мектепті террористер басып алды" деп, полицияға хабар берген. Білім ошағына шұғыл тәртіп сақшылары, құтқарушылар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері барды. Мамандар бәрін тексеріп шықты. Бірақ жарылғыш зат та, күдікті адам да табылмады.Полицейлер дереу қоңырау шалған баланың кім екенін анықтады. Ол мектептің 5-сынып оқушысы болып шықты. Қазіргі уақытта көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін ата-анасы жауапкершілікке тартылады.Мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу міндеті олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.Қылмыстық кодекске сәйкес, полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 19,6 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бомба
Оқушының әзілінен кейін ата-анасы қылмыстық жазаға тартылды
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілінен кейін ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
4 наурызда мектеп оқушысы "мектепті террористер басып алды" деп, полицияға хабар берген. Білім ошағына шұғыл тәртіп сақшылары, құтқарушылар, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері барды. Мамандар бәрін тексеріп шықты. Бірақ жарылғыш зат та, күдікті адам да табылмады.
Полицейлер дереу қоңырау шалған баланың кім екенін анықтады. Ол мектептің 5-сынып оқушысы болып шықты. Қазіргі уақытта көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін ата-анасы жауапкершілікке тартылады.
"Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан оны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуі керек", - дейді полицейлер.
Мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу міндеті олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.
Қылмыстық кодекске сәйкес, полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 19,6 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.