https://sputnik.kz/20250305/astanada-bir-paterge-kop-adam-tirkegenderge-salynatyn-ayyppul-kolemi-belgili-boldy-51366707.html
Астанада бір пәтерге көп адам тіркегендерге салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Астанада бір пәтерге көп адам тіркегендерге салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тұрақты және уақытша тіркеу нормаларын бұзуға қатысты жаза бар 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T14:58+0500
2025-03-05T14:58+0500
2025-03-05T15:03+0500
баспана
тіркеу
https://sputnik.kz/img/735/28/7352841_0:243:4068:2531_1920x0_80_0_0_286b0e1d7d41d500439d5ff6b5327ae3.jpg.webp
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Үкімет бір пәтерде тіркелетін адам санын шектеу аясында баспана иесіне салынатын айыппұлдың көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжіліске Астанада тіркеу нормативін енгізуге арналған заң түсті. Соның аясында бір пәтерде тіркелетін адам санына шектеу енгізіледі. Бұдан бөлек, үйдің иесіне қатысты жаза күшейтіледі. Бүгін депутаттар заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Ал ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Оспанов жазаның қалай өзгеретінін айтып берді.Ал халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары ондай әрекетке жол берсе, қылмыстық іс қозғалады.
https://sputnik.kz/20250305/astanada-tirkeletin-bir-adamga-qansha-sharshy-metr-belgilenedi---maslikhat-toragasynyn-zhauaby-51362400.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/28/7352841_185:0:3884:2774_1920x0_80_0_0_534b5e31fdc03fb26184367602580c68.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, тіркеу
Астанада бір пәтерге көп адам тіркегендерге салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
14:58 05.03.2025 (жаңартылды: 15:03 05.03.2025) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тұрақты және уақытша тіркеу нормаларын бұзуға қатысты жаза бар
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Үкімет бір пәтерде тіркелетін адам санын шектеу аясында баспана иесіне салынатын айыппұлдың көлемін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліске Астанада тіркеу нормативін енгізуге арналған заң түсті. Соның аясында бір пәтерде тіркелетін адам санына шектеу енгізіледі. Бұдан бөлек, үйдің иесіне қатысты жаза күшейтіледі. Бүгін депутаттар заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Ал ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Оспанов жазаның қалай өзгеретінін айтып берді.
"Бүгінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тұрақты және уақытша тіркеу нормаларын бұзуға қатысты жаза бар. Айыппұлдың көлемі 10 АЕК (2025 жылда 39,3 мың теңге) құрайды. Заң жобасында біз осы жазаны екі есе күшейтіп жатырмыз, айыппұлдың көлемін екі есеге арттыруды ұсындық. Оны қабылдаса, айыппұл 20 АЕК (2025 жылда 78,6 мың теңге) болады. Бұл заңды бұзған баспана иесіне қатысты шара", - деді Оспанов мәжілісте өткен брифингте.
Ал халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары ондай әрекетке жол берсе, қылмыстық іс қозғалады.