Астана әкімі LRT құрылысы қалай жүріп жатқаны туралы айтты

© Photo : Астана әкімдігіLRT құрылысы
LRT құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
LRT желісі станцияларының негізгі темірбетон конструкцияларының құрылысы 100% аяқталды
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында LRT құрылысы қалай жүріп жатқаны туралы айтты.
Қала басшысы Абу Даби Плазадағы №112 станцияға барып, LRT құрылысының барысымен танысты. Мұнда жалпы ауданы шамамен 5 мың шаршы метр болатын қасбеттің сыртқы металл қаңқасын монтаждау, ары қарай витраждар мен панельдерді орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.
"Биыл 3-тоқсанда сынақ жұмысын бастау үшін осыған ұқсас жұмыс барлық 18 станцияда аяқталады. Осыған дейін эстакаданың құрылысы аяқталып, станциялардың негізгі темірбетон конструкциялары салынған", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша Есіл өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысы, 101-станцияның қасбеттік бөлігінің құрылысы аяқталды. Сол сияқты LRT құрамының 19 бірлігіне тапсырыс берілді. LRT желісі станцияларының негізгі темірбетон конструкцияларының құрылысы 100% аяқталды. №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада учаскесінде рельс жолының алғашқы 500 метрі төселді.
"2025 жылдың соңына дейін жолдың жоғарғы бөлігінің құрылысын толықтай аяқтау, оның ішінде рельстерді төсеу, дабыл және байланыс жүйелерін баптау, станцияларды ішкі және сыртқы әрлеу, құрамдарды жеткізумен депо салу жоспарланып отыр", - деп толықтырды әкім.
Сонымен қатар 2025 жылы Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесіндегі LRT-ның астыңғы эстакадалық бөлігін абаттандыру жоспарланып отыр. Біз LRT бойындағы маршрутты кезең-кезеңімен абаттандырамыз. Мысалы, биыл Қабанбай батыр даңғылын әуежайдан Мәңгілік ел даңғылына дейін ауқымды көгалдандыру жоспарланған. Сығанақ көшесінің бойындағы учаскеде (Қабанбай батыр даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін) ағаштар, веложолдар, бірыңғай стильдегі көше жиһаздары орнатылады.
LRT-ның негізгі аялдамаларының жанында – Mega Silk Way СОО, ботаникалық бақ және "Поколение" ТК маңында қала тұрғындарының демалысы мен уақытын пайдалы өткізуі үшін жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылады. Олар заманауи абаттандырылған, қаланың тартымды әрі ыңғайлы орындарының біріне айналады.
В Астане в рамках реализации проекта линии LRT проводятся работы по устройству монолитной железобетонной балки вдоль улицы Сыганак - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2024
Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды
Жаңалықтар
0