https://sputnik.kz/20250305/aqtauda-zharylgan-qubyr-suyna-kuygen-bala-zhansaqtau-bolimine-tusti-51371178.html
Ақтауда жарылған құбыр суына күйген бала жансақтау бөліміне түсті
Ақтауда жарылған құбыр суына күйген бала жансақтау бөліміне түсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Ақтауда ыстық су құбыры жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T16:44+0500
2025-03-05T16:44+0500
2025-03-05T16:46+0500
күйік
бала
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Ақтауда ыстық су құбыры жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Баланың анасы әлеуметтік желіге оқиғаның қалай болғанын жазған. Айтуынша, жарылған құбыр қараусыз қалып, баласы ыстық суға күйіп қалған.Бала жансақтау бөліміне түскен."Енді жаңа ауруханадан келсем, жаңағы жердегі ыстық суды өшіріп, жұмыстарын енді жүргізуде. Мен ыстық суды түсіріп үлгермедім. Осындай жауапсыздықтан неге балаларымыз қиналу керек. Жауапты мекеме жазасын алуын сұраймын", - дейді тұрғын.Ол желіге оқиға болған орынның және баласының бейнежазбасы мен фотоларын жариялады.Баланың жансақтау бөлімінде жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр."2014 жылғы бала, екі сан, балтыр аймағының ІІ-ІІІ дәрежелі күйігімен ауруханаға жатқызылды. Денесінің 30% күйген. Баланың жағдайы ауыр. Есін біледі, бірақ мазасызданып жатыр. Науқас жансақтау бөлімінде ем алып жатыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күйік, бала
Ақтауда жарылған құбыр суына күйген бала жансақтау бөліміне түсті
16:44 05.03.2025 (жаңартылды: 16:46 05.03.2025) АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Ақтауда ыстық су құбыры жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Баланың анасы әлеуметтік желіге оқиғаның қалай болғанын жазған. Айтуынша, жарылған құбыр қараусыз қалып, баласы ыстық суға күйіп қалған.
"15 шағын аудан 13 үйдің жанындағы құбыр тесіліп қалған. Еш жері қоршалмаған, сарылдап ыстық су ағып тұрған. 4 наурыз сағат 19.30 шамасында кешке сабақтан қайтқан балам тесіліп қалған суға аяғы тайып кетіп, беліне дейін күйіп қалды", - деп жазды баланың анасы.
Бала жансақтау бөліміне түскен.
"Енді жаңа ауруханадан келсем, жаңағы жердегі ыстық суды өшіріп, жұмыстарын енді жүргізуде. Мен ыстық суды түсіріп үлгермедім. Осындай жауапсыздықтан неге балаларымыз қиналу керек. Жауапты мекеме жазасын алуын сұраймын", - дейді тұрғын.
Ол желіге оқиға болған орынның және баласының бейнежазбасы мен фотоларын жариялады.
Баланың жансақтау бөлімінде жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр.
"2014 жылғы бала, екі сан, балтыр аймағының ІІ-ІІІ дәрежелі күйігімен ауруханаға жатқызылды. Денесінің 30% күйген. Баланың жағдайы ауыр. Есін біледі, бірақ мазасызданып жатыр. Науқас жансақтау бөлімінде ем алып жатыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.