Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Зеленскийдің мәлімдемесіне қарамастан Украинаға көмек көрсетуді қайта бастаған жоқ

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБелый дом в Вашингтоне
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Владимир Зеленскийдің бітістіру мәлімдемесіне қарамастан, Украинаға көмек көрсетуді тоқтату туралы шешімінен бас тартқан жоқ, деп жазды The New York Times.
Бір күн бұрын Зеленский X әлеуметтік желісінде АҚШ президентімен кездесудің ойдағыдай болмағанына өкінетінін және бейбітшілікке қол жеткізу үшін Трамптың "мықты басшылығымен" жұмыс істеуге дайын екенін жазған.
NYT атап өткендей, Ақ үй басшысы Зеленскийдің сөзіне оң көзқарас білдірген сияқты.
"Алайда Трамп Украинаға қару-жарақ пен басқа да маңызды көмек көрсетуге тыйымды күшінде қалдырды", - делінген мақалада.
Ал The Wall Street Journal Зеленскийдің мәлімдемесі АҚШ басшысын көмекті қайта бастауға сендіру үшін жеткілікті бола ма, жоқ па, әлі белгісіз деп жазды.
Зеленский 28 ақпанда Вашингтонға сирек жер металдары туралы келісімге қол қою үшін барды. Алайда Ақ үйдегі келіссөздер алдында Трамппен жанжалдасып қалды. Салдарынан Украина басшысы Ақ үйден кетіп, келісім сәтсіз аяқталды.
Кездесуден кейін Трамп Зеленскийдің бейбітшілікке дайын еместігін және АҚШ-қа құрметсіздік танытқанын атап өтті.
Осы аптаның басында АҚШ-тың Украинаға барлық әскери көмекті тоқтататыны белгілі болды.
Кремль Американың әскери көмекті тоқтатуы Киевті бітімгершілік үдерісін бастауға итермелеуі мүмкін деп санайды.
Жаңалықтар
0