https://sputnik.kz/20250305/almatylyq-darigerler-okpesi-dimkas-nauqasqa-erekshe-ota-zhasady-51373641.html
Алматылық дәрігерлер өкпесі дімкәс науқасқа ерекше ота жасады
Алматылық дәрігерлер өкпесі дімкәс науқасқа ерекше ота жасады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Алматыда сирек кездесетін өкпе патологиясы бар науқас ерекше отаның арқасында аман қалды, деп хабарлады №1 қалалық клиникалық... 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T22:49+0500
2025-03-05T22:49+0500
2025-03-05T22:49+0500
науқас
ота
дәрігер
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a14ba9aa1ae67b96e388563160da2025.jpg
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Алматыда сирек кездесетін өкпе патологиясы бар науқас ерекше отаның арқасында аман қалды, деп хабарлады №1 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.Торакалды хирургия бөлімшесінің дәрігерлері сырқаты асқынған науқасқа бірегей ота жасады.Қысқасы науқас адамның өкпе қуысында ауа толы қалташа пайда болған. Бұны алып буллезді эмфизема деп атайды, дейді дәрігерлер.Клиниканың торакалды бөлімше меңгерушісі Нұрхат Жүнісовтың айтуынша, бұл аурудың зардабы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін."Алып буллезді эмфизема кезінде өкпеде ірі ауа қуыстары пайда болып, қалыпты газ алмасу жұмысы бұзылады. Науқас ентігіп, кеудесі ауырады. Егер қалташа жарылса, пневмоторакске әкеледі. Уақытында емделмесе науқастың тынысы барынша тарыла береді", - дейді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_98ac88987988f83c83e2ac43949d2452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
науқас, ота, дәрігер
Алматылық дәрігерлер өкпесі дімкәс науқасқа ерекше ота жасады
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Алматыда сирек кездесетін өкпе патологиясы бар науқас ерекше отаның арқасында аман қалды, деп хабарлады №1 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.
Торакалды хирургия бөлімшесінің дәрігерлері сырқаты асқынған науқасқа бірегей ота жасады.
"60 жастағы науқасқа пневмоторакспен асқынған оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің алып буллезді эмфиземасы диагнозы қойылған. Ота өте күрделі болды. Науқас әу баста қабылдау бөліміне ентігіп, ауа жұта алмай, ауыр халде түскен. Хирургтер білте қою әдісімен ота жасады", - дейді баспасөз.
Қысқасы науқас адамның өкпе қуысында ауа толы қалташа пайда болған. Бұны алып буллезді эмфизема деп атайды, дейді дәрігерлер.
Клиниканың торакалды бөлімше меңгерушісі Нұрхат Жүнісовтың айтуынша, бұл аурудың зардабы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
"Алып буллезді эмфизема кезінде өкпеде ірі ауа қуыстары пайда болып, қалыпты газ алмасу жұмысы бұзылады. Науқас ентігіп, кеудесі ауырады. Егер қалташа жарылса, пневмоторакске әкеледі. Уақытында емделмесе науқастың тынысы барынша тарыла береді", - дейді ол.