https://sputnik.kz/20250304/qazaqstan-men-reseydin-yntymaqtastygyn-nygaytu-manyzdy--sarapshy-51342776.html
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын нығайту маңызды – сарапшы
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын нығайту маңызды – сарапшы
Sputnik Қазақстан
"Валдай" клубында Орта Азиялық конференция өтіп жатыр 04.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-04T17:05+0500
2025-03-04T17:05+0500
2025-03-04T17:05+0500
қазақстан
ресей
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07e9/03/04/51337304_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_c12175e047fedfa335d92ae8a6e80043.jpg
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестігін дамыту маңызды. Бұл туралы Қазақстан-Германия университетінің халықаралық және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры Болат Сұлтанов мәлімдеді."Валдай" клубының Орталық Азия конференциясында сөйлеген сөзінде ол ірі ойыншылар арасындағы санкциялық текетірес күшейген кезде Қазақстанға жаулар қажет емес екенін айтты. Ел бейтараптық пен теңдестірілген сыртқы саясатқа ұмтылады.Ал бірінші басымдық – Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы, деп атап өтті спикер.Сондай-ақ Сұлтанов Қазақстанда Ресейге қарсы ақпараттық шабуылдар мен фейктер жиі байқалатынын айтты. Бұл жағдайда Қазақстанға да, Ресейге де қарсы гибридтік соғыс жүргізілуде.Еуразия табиғи ресурстарға ең бай және үлкен аймақ, сондықтан біз ШЫҰ, ЕАЭО, АСЕАН және ҰҚШҰ аясында еуразиялық әріптестікті нығайтуға тиіспіз, деді ол.
https://sputnik.kz/20250130/qazaqstan-men-resey-arasyndagy-tauar-aynalymy123-trln-tengeden-asty-50415037.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/04/51337304_146:0:1107:721_1920x0_80_0_0_fed1b6e9cca9b7e317788bd6d014662b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, ынтымақтастық
қазақстан, ресей, ынтымақтастық
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын нығайту маңызды – сарапшы
"Валдай" клубында Орта Азиялық конференция өтіп жатыр
АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің одақтастық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестігін дамыту маңызды. Бұл туралы Қазақстан-Германия университетінің халықаралық және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры Болат Сұлтанов мәлімдеді.
"Валдай" клубының Орталық Азия конференциясында сөйлеген сөзінде ол ірі ойыншылар арасындағы санкциялық текетірес күшейген кезде Қазақстанға жаулар қажет емес екенін айтты. Ел бейтараптық пен теңдестірілген сыртқы саясатқа ұмтылады.
"Қазақстанның дамуы үшін Ресеймен одақтастық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестік маңызды. Батыс векторымен де, Орталық Азия елдерімен де стратегиялық серіктестікті дамыту қажет", - деді Сұлтанов.
Ал бірінші басымдық – Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы, деп атап өтті спикер.
"Қазақстан мен Ресей арасында қиын-қыстау кезеңде стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың берік іргетасы бар. Бұл тарихтың қыңырлығы емес, объективті шындық. Субъективті факторлар объективті шындыққа араласып, екіжақты қарым-қатынасқа жік салуға ұмтылады. Біз бұл әрекеттерді тоқтатуымыз керек", -деді ол.
Сондай-ақ Сұлтанов Қазақстанда Ресейге қарсы ақпараттық шабуылдар мен фейктер жиі байқалатынын айтты. Бұл жағдайда Қазақстанға да, Ресейге де қарсы гибридтік соғыс жүргізілуде.
"Қазір USAID жабылды, бірақ олар Қазақстандағы "жалған ақпаратқа" қарсы күреске қыруар қаржы бөлді. Ресейге қарсы үгіт-насихатты басқа көздерден қаржыландыру жалғасады", - деді Сұлтанов.
Еуразия табиғи ресурстарға ең бай және үлкен аймақ, сондықтан біз ШЫҰ, ЕАЭО, АСЕАН және ҰҚШҰ аясында еуразиялық әріптестікті нығайтуға тиіспіз, деді ол.