https://sputnik.kz/20250304/kreditterge-kepildik-beretin-eki-qor-qurylady--ukimet-51330439.html
Кредиттерге кепілдік беретін екі қор құрылады – үкімет
Кредиттерге кепілдік беретін екі қор құрылады – үкімет
Sputnik Қазақстан
Биыл 1,7 трлн теңгеге 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетіледі 04.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-04T11:21+0500
2025-03-04T11:21+0500
2025-03-04T11:21+0500
бизнес
кредит
https://sputnik.kz/img/1202/48/12024837_70:0:3601:1986_1920x0_80_0_0_85428fe75790fe0317b180bac0eddf15.jpg
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанда бизнеске арналған кредиттерге кепілдік беретін 2 қор құрылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жұманғариннің айтуынша, бизнестің несиелеріне кепілдік беру тетігі басқа елдерде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан 2 кепілдік беру қорын құруға шешім қабылданды. Соның біреуі шағын және орта бизнеске қызмет көрсетеді.Ал екінші қор ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін құрылады. Ол ірі және стратегиялық маңыз бар жобаларды кепілмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
https://sputnik.kz/20240819/ukimet-biznesti-qoldau-sharalaryn-qayta-qarady-46414710.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1202/48/12024837_512:0:3160:1986_1920x0_80_0_0_e8cf312c91f8a358d5de3c74a658f389.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес, кредит
Кредиттерге кепілдік беретін екі қор құрылады – үкімет
Биыл 1,7 трлн теңгеге 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетіледі
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанда бизнеске арналған кредиттерге кепілдік беретін 2 қор құрылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында мәлімдеді , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жұманғариннің айтуынша, бизнестің несиелеріне кепілдік беру тетігі басқа елдерде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан 2 кепілдік беру қорын құруға шешім қабылданды. Соның біреуі шағын және орта бизнеске қызмет көрсетеді.
"Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңгеге 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетіледі", - деді Жұманғарин.
Ал екінші қор ірі бизнестің кредиттеріне кепілдік беру үшін құрылады. Ол ірі және стратегиялық маңыз бар жобаларды кепілмен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселесін шешеді.