Өскемен мен Семейді жарықтандыруға бөлінген ақша элиталық үй мен көлік алуға жұмсалған

© Sputnik/Ертай СарбасовКөшедегі шам
Көшедегі шам - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 265 миллион теңгені құрайтын элиталық мүлік сатып алынған
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырған лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Күдікке ілінгендер - "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жекеше әріптестік аймақтық орталығы" АҚ лауазымды тұлғалары.
2019 жылы "Өскемен және Семей қалаларындағы көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту" жобасы іске қосылды, оның аясында электр қуатын үнемдеу және жарық сапасын арттыру мақсатында ескі жарықтандыру құралдарын жарықдиодты шамдарға ауыстыру көзделген болатын.

"Алайда лауазымды тұлғалар жобаны жүзеге асыру барысында жалған актілерге қол қою арқылы жабдықтар мен жұмыстардың құнын арттырған және жалпы сомасы 2,5 миллиард теңгеге техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін көшелерді жарықтандыру құралдарын қабылдаған", - деп жазылған хабарламада.

Орталық басшысы қаражатты жымқыру үшін сенімді тұлға атына ЖШС тіркеп, оны қосалқы мердігерлік ұйым ретінде пайдаланған.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 265 миллион теңгені құрайтын элиталық жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алынған, оларды сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген.
Сот санкциясымен бұл мүлікке арест қойылды. Күдіктілерге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2024
Түркістанда қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған басшы сотталды
Жаңалықтар
0