Алматы хайуанаттар бағына былтыр 1 млн 97 мың адам барған

© Sputnik/Ертай СарбасовЗоопарк Алматы
Зоопарк Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Бұл – рекордтық көрсеткіш
АСТАНА, 4 наурыз– Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында келушілер саны бойынша жаңа рекорд орнады. Соңғы 37 жылда алғаш рет бір жыл ішінде келушілер саны 1 097 236 адамға жетті, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Айта кетейік, Алматы хайуанаттар бағында 361 түрге жататын 3 838 жануар бар. Олардың күтімімен 223 қызметкер айналысады.
Әкімдіктің мәліметінше, 2024 жылы жалпы зообаққа келген халықтың 250 мыңы тегін кірген. Олар – 6 жасқа дейінгі балалар, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, көпбалалы және аз қамтылған отбасындғы балалар (аудан әкімдіктерінің хаты бойынша), сондай-ақ зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал қалғандары билет сатып алып кірген.
Зообақта билет бағасы да қолжетімді: ересектер үшін – 800 теңге, ал балалар үшін – 300 теңге. Келушілер санының жаңа рекордына хайуанаттар бағының артып келе жатқан танымалдығы себеп болған. Ол табиғатты сүйетіндер мен отбасылық демалысты қалайтын адамдар үшін тартымды орынға айналып отыр.
Айта кетейік, хайуанаттар бағын халықаралық стандартқа сәйкес жаңғырту және реконструкциялау жоспарланған. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша байқау жарияланады. Кейін кезең-кезеңімен реконструкция жұмыстары басталып, 2028 жылға дейін жалғасады.
2023 жылы хайуанаттар бағына 954 мың, ал 2022 жылы 916 мыңнан астам адам барған.
Пара белых полярных волков появилась в зоопарке Алматы - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2022
Алматы хайуанаттар бағы екі поляр қасқырымен толықты
Жаңалықтар
0