Абай облысында әйел мен оның жаңа туған сәбиі көз жұмды: полиция тергеуді бастады

© Photo : Рixabay/CparksАбай облысында босану кезінде ана мен сәбиі қайтыс болған
Абай облысында босану кезінде ана мен сәбиі қайтыс болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Ақпан айында үш баланың анасы қайтыс болды
АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Абай облысында әйел мен оның жаңа туған сәбиінің өлімінен кейін полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Үржар аудандық полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар белгіленді. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, дейді полицейлер.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Үржар аудандық ауруханасында үш баланың анасы мен оның жаңа туған сәбиі қайтыс болды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, 34 жастағы әйел медициналық мекемеге босануға келген, оған дейін өзін қалыпты сезінген.
Көз жұмған келіншектің туыстары дәрігерлерді жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ауруханада арнайы комиссия тексеріс жұмыстарын бастады.
Работа Центра переливания крови - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2025
Қызылордада босанған әйел ВИЧ жұқтырды
Жаңалықтар
0