Тоқаевты әлем лидерлері қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевАстанчане собираются на праздничный намаз
Астанчане собираются на праздничный намаз  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысын:
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев,
Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд,
Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд,
БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян,
БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум,
Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн,
Кувейт мемлекетінің әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах,
Кувейттің тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах,
Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ,
Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,
Марокко королі VI Мұхаммед,
Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа,
Израиль президенті Ицхак Герцог,
Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха,
ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гаис және басқалар құттықтады.
Қазақстан президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Жаңалықтар
0