Солтүстік шұғыла және ақ-қара дельфиндер: су түбінде түсірілген таңғаларлық суреттер
Солтүстік шұғыла және ақ-қара дельфиндер: су түбінде түсірілген таңғаларлық суреттер
Sputnik Қазақстан
Underwater Photographer ofthe Year су астында түсірілген суреттер байқауының ұйымдастырушылары 2025 жылдың үздік туындыларын жариялады 03.03.2025, Sputnik Қазақстан
Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 6 750-ден астам өтінім жіберілді. Байқау жеңімпазы болып испаниялық Альваро Эрреро танылды. Фотограф объективіне өркешті кит пен оның баласы түскен. Байқау ұйымдастырушылары атап өткендей, бұл туынды ананың сәбиге деген махаббатын паш етіп, мұхиттағы тіршілікті көрсетеді. Сондай-ақ жеңімпаздардың суреттерінен су астындағы солтүстік шұғыласын, сүйкімді итбалық пен акулаларды, суға батқан техника мен басқа да көптеген ерекше және керемет туындыларды көре аласыз.
Underwater Photographer ofthe Year су астында түсірілген суреттер байқауының ұйымдастырушылары 2025 жылдың үздік туындыларын жариялады
Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 6 750-ден астам өтінім жіберілді. Байқау жеңімпазы болып испаниялық Альваро Эрреро танылды. Фотограф объективіне өркешті кит пен оның баласы түскен.
Байқау ұйымдастырушылары атап өткендей, бұл туынды ананың сәбиге деген махаббатын паш етіп, мұхиттағы тіршілікті көрсетеді.
Сондай-ақ жеңімпаздардың суреттерінен су астындағы солтүстік шұғыласын, сүйкімді итбалық пен акулаларды, суға батқан техника мен басқа да көптеген ерекше және керемет туындыларды көре аласыз.
Франция Полинезиясында түсірілген өркешті кит пен баласының әсерлі суреті үшін Гран-при мен "Кең бұрыш" номинациясында бірінші орынды Альваро Эрреро жеңіп алды.
"1 / 200.000.000" атты туынды 'Save Our Seas' Marine Conservation номинациясы бойынша теңдесіз деп танылды. Авторы - неміс фотографы Robert Marc Lehmann.
Aurora Underwater туындысын оңтүстік кореялық фотограф Ruruka түсірген, ол Up & Coming Underwater Photographer of the Year 2025 номинациясын жеңіп алды.