Қазақстан мен Қытай ортақ мал шаруашылығы зертханасын ашады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент посетил ферму "Қызылжар-сүт"
Президент посетил ферму Қызылжар-сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Қытай ортақ мал шаруашылығы зертханасын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты, Қытайлық Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мал шаруашылығы Академиясы және қазақстандық "Жібек Жолы" коммерциялық-инвестициялық компаниясы" ЖШС "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде бірлескен жайылымдық мал шаруашылығы зертханасын құруды жоспарлап отыр.
"Тиісті келісім бірлескен технологиялық әзірлемелерді, тәжірбие алмасуды, тренингтер арқылы кадрлар даярлауды, техникалық оқытуды және практикаға ғылыми жетістіктерді енгізуді көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ғылыми зерттеулер, технологиялық инновациялар және мал шаруашылығы саласында кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.
Телята - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Түрік инвесторлары Қазақстанда мал қалдықтарынан электр энергиясын өндірмек
Жаңалықтар
0