https://sputnik.kz/20250303/qantarda-9-mynga-zhuyq-zhenil-avtokolik-shygaryldy-51317243.html
Қаңтарда 9 мыңға жуық жеңіл автокөлік шығарылды
Қаңтарда 9 мыңға жуық жеңіл автокөлік шығарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы зауыттар 126,7 млрд теңге болатын 9 606 дана автокөлік... 03.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-03T22:51+0500
2025-03-03T22:51+0500
2025-03-03T22:51+0500
автокөлік
зауыт
https://sputnik.kz/img/17/13/171392_0:49:961:589_1920x0_80_0_0_2211235aacbd028f885975089631507a.jpg.webp
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы зауыттар 126,7 млрд теңге болатын 9 606 дана автокөлік өндірді, деп хабарлады "Қазақстанның Автокөлік Одағы".Ал былтыр сол кезеңде 149,1 млрд теңгелік 11 376 дана техника жасалған (-15,6%). Жалпы машина жасау саласындағы автоөнеркәсіп үлесі 43,1% шамасында болды. Қаңтар айында 8 929 жеңіл автокөлік (-13,2%), 237 жүк көлігі (-57%), 171 автобус (-28,8%), 231 тіркеме мен жартылай тіркеме, 38 арнайы техника шығарылды."Қазақстанның Автокөлік Одағы" (ҚАО) мәліметінше қаңтарда Алматыдағы зауыттар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 4 875 (+18,1%) жеңіл және коммерциялық автокөлік шығарды.Қостанайда (Allur) 4 180 техника шықты (-32,6%). Қарағанды облысында (QazTehna) – 151 техника жасалды (+20,8%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) – 118, Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) 30 коммерциялық техника шығарылды. Басқа өндірістер – 252 дана.Қаңтарда көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (4 796 дана), Chevrolet (1 315), Jetour (1 225), Kia (1 176) және Skoda (236) енді.Модельдер қатарында Hyundai Tucson (1 835), Chevrolet Cobalt (1 308), Hyundai Mufasa (1 051) Jetour X70 (625), Kia Sportage (562) және Hyundai Santa Fe (511) басым.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/17/13/171392_54:0:905:638_1920x0_80_0_0_f118e8569277d84fbd1e5ec18c060826.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, зауыт
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы зауыттар 126,7 млрд теңге болатын 9 606 дана автокөлік өндірді, деп хабарлады "Қазақстанның Автокөлік Одағы".
Ал былтыр сол кезеңде 149,1 млрд теңгелік 11 376 дана техника жасалған (-15,6%). Жалпы машина жасау саласындағы автоөнеркәсіп үлесі 43,1% шамасында болды. Қаңтар айында 8 929 жеңіл автокөлік (-13,2%), 237 жүк көлігі (-57%), 171 автобус (-28,8%), 231 тіркеме мен жартылай тіркеме, 38 арнайы техника шығарылды.
"Қаңтар айының қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы автоөнеркәсіптің үлесі 43%-ға жетті. 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды, бұл осы сала үшін маңызды, биылдың өзінде іске қосылған жаңа кәсіпорындарға 5000-ға жуық маман қажет болады. 2025 жылы кәсіпорындарды жаңарту үшін инвестиция тарту процесі жалғасын табады, бұл локализация ауқымының кеңеюіне байланысты", - деді ҚАО президенті Анар Мақашева.
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" (ҚАО) мәліметінше қаңтарда Алматыдағы зауыттар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 4 875 (+18,1%) жеңіл және коммерциялық автокөлік шығарды.
Қостанайда (Allur) 4 180 техника шықты (-32,6%). Қарағанды облысында (QazTehna) – 151 техника жасалды (+20,8%). Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) – 118, Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) 30 коммерциялық техника шығарылды. Басқа өндірістер – 252 дана.
Қаңтарда көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (4 796 дана), Chevrolet (1 315), Jetour (1 225), Kia (1 176) және Skoda (236) енді.
Модельдер қатарында Hyundai Tucson (1 835), Chevrolet Cobalt (1 308), Hyundai Mufasa (1 051) Jetour X70 (625), Kia Sportage (562) және Hyundai Santa Fe (511) басым.