Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Макрон Трампты Украинадағы қақтығысты тоқтатуға қатысты ұстанымын өзгертуге шақырды

© AP Photo / Alexander ZemlianichenkoЭммануэль Макрон
Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 3 наурыз– Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон италиялық Foglio газетіне берген сұхбатында Вашингтонға сапары кезінде АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинадағы қақтығысты дереу тоқтату туралы ұстанымын қайта қарауды ұсынғанын айтты.
"Яғни, тез арада қақтығысты тоқтатуға емес, әуе, теңіз және энергетикалық инфрақұрылым деңгейінде бітімге келуге ұмтылу керек", - деп мәлімдеді Макрон мұндай режимді бақылау оңайырақ болатынын алға тартып.
Макронның пайымдауынша, берік кепілдіктің болмауы Украинаның да, еуропалықтардың да қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
"Бұл бізді әу бастан толғандырған мәселе: біз бейбітшілікті қалаймыз, бірақ берік кепілдіксіз бейбітшілік болмайды", - деді Макрон.
Ресей президенті Владимир Путин қаңтарда Украинадағы қақтығысты шешудің мақсаты ұзақ мерзімді бейбітшілік болуы керек деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0