https://sputnik.kz/20250303/aqtobe-oblysynda-auyldyqtardyn-988-in-mobildi-internetpen-qamtu-zhosparlanyp-otyr-51321465.html
Ақтөбе облысында ауылдықтардың 98,8%-ін мобильді интернетпен қамту жоспарланып отыр
Ақтөбе облысында ауылдықтардың 98,8%-ін мобильді интернетпен қамту жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
Биыл 4G стандартымен 96 базалық станция орнатылып, жаңартылмақ 03.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-03T21:01+0500
2025-03-03T21:01+0500
2025-03-03T21:01+0500
ауыл
интернет
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32915345_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_998cd51176f859ea3362cfe78631afa2.jpg.webp
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Биыл Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының 98,8%-ін мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаевтың айтуынша, 2024 жылы облыс аумағында базалық станциялар жаңғыртылып, мобильді желінің қамту аймағы айтарлықтай кеңейтілді.Бүгінде мобильді интернет облыстағы 311 ауылдың 261-ін қамтиды. Биыл жоспарланған 25 ауылдың төртеуіне, атап айтқанда, Талдысай (Алға ауданы), Байтақ (Қобда ауданы), Дүкен және Мамыр (Ырғыз ауданы) ауылдарына интернет желісі қосылды. Қалған ауылдарда жұмыстар жалғасып жатыр.Халқы 100 адамнан аз 29 ауылда кең жолақты интернет қызметін қамтамасыз ету үшін спутниктік технологиялар қолданылады. Қазіргі уақытта 7 ауылға спутниктік арналар арқылы Wi-Fi қосылған. Осылайша, жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын мобильді интернетпен қамту деңгейі 98,8%-ке жетеді.Республикалық маңызы бар жолдарда мобильді байланысты қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды. Осы бағыттардағы 17 нүктеде базалық станция салу үшін жобалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бүгінде 10 нүктенің құжаттары сараптамадан өтіп, оң қорытынды алған. Қалған 7 жоба – мемлекеттік сараптамада. Наурыз айында 5 нүкте бойынша, сәуір айында Ырғыздағы 2 нүктенің қорытындысы дайын болады деп күтілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қаржы сәуір айында бөлінеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32915345_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_15f92eedd90904d84c0b12129f9b18cc.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, интернет
Ақтөбе облысында ауылдықтардың 98,8%-ін мобильді интернетпен қамту жоспарланып отыр
Биыл 4G стандартымен 96 базалық станция орнатылып, жаңартылмақ
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Биыл Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының 98,8%-ін мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаевтың айтуынша, 2024 жылы облыс аумағында базалық станциялар жаңғыртылып, мобильді желінің қамту аймағы айтарлықтай кеңейтілді.
"Биыл 4G стандартымен 96 базалық станция орнатылып, жаңартылмақ, ал 5G желісінің қамту аймағы 82 базалық станцияға дейін кеңейтіледі. Бұл қала тұрғындары үшін интернет байланысының сапасы мен тұрақтылығын одан әрі арттырады", - деді ол аппарат мәжілісінде.
Бүгінде мобильді интернет облыстағы 311 ауылдың 261-ін қамтиды. Биыл жоспарланған 25 ауылдың төртеуіне, атап айтқанда, Талдысай (Алға ауданы), Байтақ (Қобда ауданы), Дүкен және Мамыр (Ырғыз ауданы) ауылдарына интернет желісі қосылды. Қалған ауылдарда жұмыстар жалғасып жатыр.
Халқы 100 адамнан аз 29 ауылда кең жолақты интернет қызметін қамтамасыз ету үшін спутниктік технологиялар қолданылады. Қазіргі уақытта 7 ауылға спутниктік арналар арқылы Wi-Fi қосылған. Осылайша, жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын мобильді интернетпен қамту деңгейі 98,8%-ке жетеді.
Республикалық маңызы бар жолдарда мобильді байланысты қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды. Осы бағыттардағы 17 нүктеде базалық станция салу үшін жобалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бүгінде 10 нүктенің құжаттары сараптамадан өтіп, оң қорытынды алған. Қалған 7 жоба – мемлекеттік сараптамада. Наурыз айында 5 нүкте бойынша, сәуір айында Ырғыздағы 2 нүктенің қорытындысы дайын болады деп күтілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қаржы сәуір айында бөлінеді.