https://sputnik.kz/20250303/aleumettik-azyq-tuliktin-bes-turi-arzandady-51320565.html
Әлеуметтік азық-түліктің бес түрі арзандады
Әлеуметтік азық-түліктің бес түрі арзандады
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы вице-министрі қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады 03.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-03T19:39+0500
2025-03-03T19:39+0500
2025-03-03T19:39+0500
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_d146e0355c70f6d9b4e0b60bcfa51d79.jpg
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Өткен айда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бес түрі арзандады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде айтылды.Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша осы жылдың ақпан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 1,3%-ға дейін баяулаған.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 156,9 мың тонна жалпы көкөніс қорының 53,9 мың тоннасы сатылғанын, қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады."Жүргізілген түгендеулерден кейін қоймалардағы картоп қоры 47,6 мың тоннаны, сәбіз 16 мың тоннаны, пияз 14,6 мың тоннаны, қырыққабат 14,1 мың тоннаны құрап отыр", — деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков.
https://sputnik.kz/20250303/ulttyq-statistika-byurosy-aqpan-ayyndagy-inflyatsiyany-zhariyalady-51309421.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_b5c2eb0097f6eb715fe020e9c6c444dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік
Әлеуметтік азық-түліктің бес түрі арзандады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Өткен айда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бес түрі арзандады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде айтылды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша осы жылдың ақпан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 1,3%-ға дейін баяулаған.
"Сонымен қатар бес тауар түрі: күріш (-2,9%), жұмыртқа (-1,4%), ұн (-0,8%), макарон өнімі (-0,4%) және қарақұмық (-0,2%) бағасы төмендеді. Жыл басынан бері маусымға байланысты көкөніс бағасы өскен", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков 156,9 мың тонна жалпы көкөніс қорының 53,9 мың тоннасы сатылғанын, қазіргі сәтте 92,5 мың тонна көкөніс қоры қалғанын хабарлады.
"Жүргізілген түгендеулерден кейін қоймалардағы картоп қоры 47,6 мың тоннаны, сәбіз 16 мың тоннаны, пияз 14,6 мың тоннаны, қырыққабат 14,1 мың тоннаны құрап отыр", — деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков.