UFC: Асу Алмабаев алғаш рет нокаутпен ұтылды

Асу Алмабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет техникалық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алмабаев Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 кешінде бас жекпе-жекте португалиялық Манел Капемен кездескен болатын. Екеуі де ең жеңіл салмақтың үздіктері. Осы жолы қарсыластың басымдығы байқалды. Үшінші раундта Капе бірнеше қатты соққы жасады. Сол кезде Алмабаев соққы көзге тигенін көрсетті. Бірақ рефери тайм-аут берген жоқ. Ал Капе қазақстандық спортшыны соққының астына алды. Рефери жекпе-жекті тоқтатып, Алмабаевқа техникалық нокаут берді.
Бұған дейін Асу Алмабаев 17 рет қатарынан жеңіске жеткен болатын. Соның ішінде төрт жекпе-жекті UFC-де өткізді. Ал ММА-де 31 жастағы қазақстандық 21 жекпе-жектің үшеуінде ұтылды. Португалиялық спортшы осымен екінші рет қатарынан техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр.
Айта кетері, Алмабаев бұған дейінгі жекпе-жегін 2024 жылы қазан айында өткізген. Ол кезде бразилиялық Матеус Николауды жеңген.
Жаңалықтар
0