https://sputnik.kz/20250302/siriyada-30-dan-astam-qazaqstandyq-zhur--abaev-51277653.html
Сирияда 30-дан астам қазақстандық жүр – Абаев
Сирияда 30-дан астам қазақстандық жүр – Абаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Сириядағы лаңкестік топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық жүр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев... 02.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-02T14:43+0500
2025-03-02T14:43+0500
2025-03-02T14:43+0500
сириядағы қазақстандықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22454068_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_2df2a2953d994454eab4716da1acbd73.jpg
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Сириядағы лаңкестік топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық жүр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәлімдеді.Оның мәліметінше 2019-2021 жылдары Қазақстан "Жусан" арнайы гуманитарлық операциясын өткізіп, нәтижесінде 607 азаматымыз, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар елге қайтарылды.Қылмыстық іс қозғауға негіз табылмаған қалғандарына оңалту шаралары жүргізілді."Қазіргі уақытта 30-дан астам қазақстандық Сириядағы жекелеген топтардың құрамында жүр. Олардың көпшілігі туған жеріне қайтуға ниетті емес. Кейбіреулері Сирия азаматтығын алып, сонда тұрақты қалуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Сириядағы күрд жасақтарының бақылауындағы "әл-Хол" және Родж лагерьлерінде 10-нан астам отандасымыз бар, олар да өз отанына қайтқысы келмейді", - деп толықтырды елші.Бұл мәселе Қазақстанның арнайы қызметтерінің ерекше бақылауында, сондықтан Қазақстанға оралғандар деструктивті әрекеттерге барады деп алаңдауға негіз жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22454068_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_e53a5e70f7a8c00f619383e5c29e2fdc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сириядағы қазақстандықтар
сириядағы қазақстандықтар
Сирияда 30-дан астам қазақстандық жүр – Абаев
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Сириядағы лаңкестік топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық жүр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев
мәлімдеді. Оның мәліметінше 2019-2021 жылдары Қазақстан "Жусан" арнайы гуманитарлық операциясын өткізіп, нәтижесінде 607 азаматымыз, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар елге қайтарылды.
"Қазақстанның 74 азаматы өз күшімен Отанына оралды. Республикаға келгеннен кейін лаңкестік әрекеттерге қатысқаны немесе терроризмді насихаттағаны үшін 53 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деді Абаев.
Қылмыстық іс қозғауға негіз табылмаған қалғандарына оңалту шаралары жүргізілді.
"Қазіргі уақытта 30-дан астам қазақстандық Сириядағы жекелеген топтардың құрамында жүр. Олардың көпшілігі туған жеріне қайтуға ниетті емес. Кейбіреулері Сирия азаматтығын алып, сонда тұрақты қалуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Сириядағы күрд жасақтарының бақылауындағы "әл-Хол" және Родж лагерьлерінде 10-нан астам отандасымыз бар, олар да өз отанына қайтқысы келмейді", - деп толықтырды елші.
Бұл мәселе Қазақстанның арнайы қызметтерінің ерекше бақылауында, сондықтан Қазақстанға оралғандар деструктивті әрекеттерге барады деп алаңдауға негіз жоқ.