https://sputnik.kz/20250302/qazaqstanda-new-york-film-academy-kampusy-ashyldy-51262764.html
Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды
Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады. Ол – АҚШ-тан тыс үшінші NYFA кампусы және Қазақстанда ашылған... 02.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-02T14:20+0500
2025-03-02T14:20+0500
2025-03-02T14:20+0500
білім
ақш
https://sputnik.kz/img/07e9/03/01/51261116_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_72247e8c240ae1705601dffe3b331f7b.jpg.webp
АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады. Ол – АҚШ-тан тыс үшінші NYFA кампусы және Қазақстанда ашылған әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет.Қызметті бастау туралы келісімге қол қоюдың онлайн-рәсімі 1 наурызда Energo University-дің алаңында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Әлемге әйгілі академияның филиалында оқу осы жылдың 29 қыркүйегінде Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы Energo University-дің Креативті индустриялар паркінің аумағындағы заманауи кампуста басталады.Филиалда оқытуды АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби дәріскерлері бір жылдық және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары аясында бес бағыт бойынша жүргізеді: Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстаннан және өңірдің көрші елдерінен (Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) 200-ге дейін студент қабылдау жоспарлануда. Оқуды бітіргеннен кейін түлектер Америка университетінің дипломдарын және Нью-Йоркте немесе Лос-Анджелесте оқуын жалғастыра алады.Қосымша ақпарат алу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына (+77076006493), сондай-ақ Алматыдағы NYFA ресми өкіліне (+77019990321) хабарласуға болады.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/01/51261116_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_18c070be327411421116fa77ce2c5b8e.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім, ақш
АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады. Ол – АҚШ-тан тыс үшінші NYFA кампусы және Қазақстанда ашылған әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет.
Қызметті бастау туралы келісімге қол қоюдың онлайн-рәсімі 1 наурызда Energo University-дің алаңында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Әлемге әйгілі академияның филиалында оқу осы жылдың 29 қыркүйегінде Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы Energo University-дің Креативті индустриялар паркінің аумағындағы заманауи кампуста басталады.
Филиалда оқытуды АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби дәріскерлері бір жылдық және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары аясында бес бағыт бойынша жүргізеді:
Продюсерлік ету(Producing);
Сценарийлік іс (Screenwriting);
Анимациялау және визуалды әсерлер (3D animation & VFX);
Ойын әзірлеу (Game design).
Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстаннан және өңірдің көрші елдерінен (Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) 200-ге дейін студент қабылдау жоспарлануда. Оқуды бітіргеннен кейін түлектер Америка университетінің дипломдарын және Нью-Йоркте немесе Лос-Анджелесте оқуын жалғастыра алады.
Қосымша ақпарат алу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына (+77076006493), сондай-ақ Алматыдағы NYFA ресми өкіліне (+77019990321) хабарласуға болады.