Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Литва Украинаның қорғаныс өнеркәсібіне инвестиция салуға уәде берді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуЛитва. Архивное фото
Литва. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Литва Украинаның қорғаныс өнеркәсібіне жоғары дәлдіктегі қару-жарақтарға бөлінген 20 миллион еуродан бөлек инвестиция жасауды жалғастырады, деп мәлімдеді Литва қорғаныс министрі Довиле Шакалиене, оның сөзі ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
"Литва жоғары технологиялық қару-жараққа бөлінген 20 миллион еуродан бөлек Украинаның қорғаныс өнеркәсібіне инвестиция жасауды жалғастырады. Дегенмен біз литва-украин бірлескен өндірісі аясындағы ынтымақтастығымызды Украинада да, Литвада да одан әрі дамытуға мүдделіміз", - деп жазды басылым.
Украинамен бірлесіп шығарылатын негізгі қару-жарақ жүйелері туралы алдын ала келісімге Литва қорғаныс министрі Довиле Шакальене, президент Зеленскийдің стратегиялық мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Александр Камышин және Украинаның стратегиялық өнеркәсіп министрі Герман Сметаниннің кездесуі кезінде қол жеткізілді.
Бұған дейін Литва сыртқы істер министрі Кестутис Будрис Украинаға америкалық көмекті ЕО-дағы әрбір елдің ЖІӨ-сінің 0,25 пайызын бөлумен ауыстыруды ұсынған болатын. "Сол кезде жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 40 миллиард еуро болатын еді", деп болжады шенеунік.
Жаңалықтар
0