https://sputnik.kz/20250301/toqaev-qazaqstan-khalqyn-ramazan-ayynyn-bastaluymen-quttyqtady-51245896.html
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Ол биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отырғаны, мұның зор символдық мәні бар екенін ерекше атап өтті 01.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-01T09:25+0500
2025-03-01T09:25+0500
2025-03-01T09:26+0500
қасым-жомарт тоқаев
рамазан-2025
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0b/50763204_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_3b2f46feb13aa2e0cbc0ab8f3b3eeee1.jpg.webp
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда. "Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады", - деді президент. Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді."Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Ниет қабыл болсын!", - делінген Тоқаевтың құттықтауында.
https://sputnik.kz/20250220/ramazan-2025-oraza-kestesi-51022827.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0b/50763204_90:0:1190:825_1920x0_80_0_0_c2346a735fc6027ac9d886e28186b53c.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, рамазан-2025
қасым-жомарт тоқаев, рамазан-2025
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
09:25 01.03.2025 (жаңартылды: 09:26 01.03.2025) Ол биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отырғаны, мұның зор символдық мәні бар екенін ерекше атап өтті
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады", - деді президент.
Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.
"Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Ниет қабыл болсын!", - делінген Тоқаевтың құттықтауында.