https://sputnik.kz/20250301/ar-azamattyn-el-tagdyryna-zhauapty-ekenin-tolyq-sezine-bilui-manyzdy---toqaev-51246548.html
Әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды - президент
Әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды - президент
Sputnik Қазақстан
Президент қазір алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұрғанын атап өтті 01.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-01T10:15+0500
2025-03-01T10:15+0500
2025-03-01T10:53+0500
алғыс айту күні
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/768/55/7685598_0:156:4000:2406_1920x0_80_0_0_d50137e62b0219bbdc3a1d2b87d19d2a.jpg
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді."Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана, үйлесімді және әділетті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз", - деді президент. Ол туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандасына алғысын білдірді.
https://sputnik.kz/20250301/bugin--algys-aytu-kuni-51239775.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/768/55/7685598_294:0:3707:2560_1920x0_80_0_0_cfcf7b5b3ac4221104e2fa4a07dcf620.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алғыс айту күні, қасым-жомарт тоқаев
алғыс айту күні, қасым-жомарт тоқаев
Әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды - президент
10:15 01.03.2025 (жаңартылды: 10:53 01.03.2025) Президент қазір алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұрғанын атап өтті
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады. Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды", - деді Тоқаев.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.
"Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана, үйлесімді және әділетті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз", - деді президент.
Ол туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандасына алғысын білдірді.